Ыбырай Франклин туралы не жазған?

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: – Еңкей, еңкей – деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Тұман мен бұлт туралы не білесің?

Су қызса бу болады, бу салқындаса қайтадан су болады. Су боларда әуелі уақ, гүлдей-гүлдей тамшы болады. Қаттырақ салқындаған тамшы біріне-бірі қосылып, ірілене бастайды. Ауа жылы болса, бу көрінбейді, өйткені түйірі тым уақ болып көзге түспейді. Ауа салқын болса, бу көрінеді, өйткені, бу уақ-уақ тамшыға айналады. Көзге түседі. Мәселен, жазды күні ауыздан шыққан бу көрінбейді, қысты […]

Толығырақ

Алматыда 265 отбасы баспаналы болды

Алматыда қала күніне орай 265 отбасы баспаналы болды. Үй кезегінде тұрғандарға коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер ұсынылып отыр деп хабарлайды qazaqstan.tv Баспана шаһардың Түрксіб және Алатау аудандарында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлерден берілді. Пәтер кілтін алған 265 адамның ішінде 29 жетім бала, 120 көпбалалы отбасы мен мүгедектер, толық емес отбасы мүшелері бар.  Алматыда […]

Толығырақ

Елбасы: 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады деп хабарлайды Talbesik.kz сайта Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесуде жуырда өткен праймериздің нәтижелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев праймериз сабақтастықты сақтай отырып, партия қатарын жаңартуға мүмкіндік берген нағыз әлеуметтік лифтке айналғанын атап өтті. Кездесу барысында Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік […]

Толығырақ

Енді олар вагонда тұрмайды

Ол төрт жыл бойы темір контейнерді паналауға мәжбүр болды. «Оқушыларым көріп қоймасын деп вагоннан ұрланып шығамын» дейді. «Темір үй» қыста суық, жазда ыстық. Жолдасы құрылыс нысанында ауыр жарақат алған. Жұмысқа жарамсыз. Әлі күнге дейін оның күтімін жасайды… Ол – география пәнінің мұғалімі. Мектеп пен вагон арасы – 4 шақырым. Жаяу барып, сабақ беріп келеді. Сабақ […]

Толығырақ

Шоқан Уәлихан. Қазақ қару жасауды білген бе?

Ескі заманнан бері қазақтың екі түрлі қаруы болған. Бір түрі жайшылықта малға барғанда ұстайтын, болмаса үй арасындағы төбелесте жұмсайтын құралдар. Екіншісі соғыста керек қарулар. Әуелгі түрі қамшы, құрық, сойыл. Қамшыны бұзау терісінен өріп, ортасына өзек салып, ұзындығын жеті тұтамға дейін, жуандығын екі саусақтың жуандығына дейін істеген. Өрімді сапқа саптап, саптың ұзындығы төрт-бес тұтам болған. Сапты […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала киімі қандай болуы керек?

Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, шымқап, үлбіретіп өсірудің де қажеті жоқ. Бұлай өскен бала аурымпаз болады. Шынықтырамын, денесін берік қыламын деп, жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынықтырамын деп жүріп, ауруға шалдықтырып, жазатайым өлтіріп алуы да мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын денеге жібермейтіндей болуы керек. […]

Толығырақ

Ермұхан Бекмаханов: «Балаларыңның болашағын ойла, шырағым»

Алаштың аяулы азаматы Ермұхан Бекмахановтың жары Халима анамыздың естелігін ұсынып отырмын. Естелікте жарының әлсіз, қорғансыз жағдайға түскенін байқайсыз. Солай бола тұра қиындыққа мойымаған қазақ əйелінің тектілігі де айқын көрініс тапқан: «Ермұханның ісін Республика жоғарғы Сотының төрағасы А.Мамытов қарады. Ол Совет өкіметіне қас пиғылда болып, ұлтшылдық идеяларды насихаттағаны жəне Советке қарсы үгіт жүргізгені үшін, Е.Бекмахановқа РСФСР […]

Толығырақ

Міржақып Дұлатұлы бұғы жайында не деп жазған?

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүкі шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен […]

Толығырақ