Балам телефонға тәуелді. Не істеймін?

Балаларымыздың смартфон не планшетке деген шектен тыс қызығушылығына тікелей ата-ана, өзіміз айыптымыз. Яғни біздің гаджеттерге деген тәуелділігіміздің кесірінен әр іс-қимылымызды бағып отырған баланың психологиясы бұзылады. Енді оларға әдеттегідей ойыншықтармен ойнаған қызық емес. Асқынса сыртқа шығудан да тартынуы мүмкін. Бұл тек бірлі-жарым емес, ауыл мен қаладағы көптеген отбасында кездесетін өте қиын жағдай. Қиын жағдайдың шешімін барлығымыз […]

Толығырақ

Әкесі оқысын, баласы тоқысын (математикалық есептер)

Қанша шырақ қалды? Үш шырақ жанып тұрды Бір шырақ өшіп қалды. Неше шырақ қалды? Қанша үйрек қалды? Аспанда бес үйрек ұшып бара жатты. Аңшы бір үйректі атып алды. Неше үйрек қапды? Әжесі мен Медет Әжесі Медетке үш алмұрт берді. Медет бір алмұртты жеп қойды. Неше алмұрт қалды? Жауап: Екі алмұрт. Бағаларын тап Бір алма, екі алмұрт […]

Толығырақ

Жүсіпбек Аймауытұлы. Қымызды тәтті қылудың 5 амалы

Қымыз татымасын, тәтті болсын десең: Қымыз ашытатын ыдыс семіз малдың терісінен қанық ысталған болсын; ағаш болса, емен не қызыл қарағайдың күбі болсын. Ыдысты күнде болмаса, екі күнде бір қайнаған сумен жуып, майлап, ыстау керек. Тері ыдысты қайнаған суды салқындатып жуған жақсы. Табылса, құйрық, болмаса, тоң маймен майлау керек. Тобылғымен, жүзгінмен немесе сексеуілмен ыстаған дұрыс. Қымыз […]

Толығырақ

РҮСТЕМ НҰРКЕНОВ: ДӘУЛЕТКЕРЕЙГЕ АРНАЛҒАН САЙТ БҰЛ ҮЛКЕН ИДЕЯНЫҢ БАСТАМАСЫ ҒАНА

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіден dauletkerei.kz деген сайт ашылды деп оқып қалдық. Сайтты ашып қарасақ күйші Дәулеткерейге арналған дүние екен. Бастамашы – Күйшілер одағы. Мән-жайды білу үшін сол одақтың төрағасы Рүстем Нұркеновпен аз-кем әңгімелесіп едім. – Қайырлы күн. Күйші Дәулеткерей Шығайұлына арналған сайт құтты болсын. Білуімше жеке күйшіге арналған сайт жоқ. Мұндай идея қайдан келді? […]

Толығырақ

Мәжілісменнен кейін мұғалімдер пікір білдірді (видео)

Өткен аптаның басында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында бірқатар мәлімдемелер жасады. Осы жиында депутат Бекболат Тілеухан білім беру жүйесіндегі проблемалардың уақыт өткен сайын асқынып бара жатқанын айтқан еді (төмендегі бейнежазбадан тамашалай аласыз). Мәжілісменнің бұл мәлімдемесінен кейін фейсбуктегі 60 мыңнан астам жазылушысы бар «Қазақстан ұстаздары» парақшасында тәжірибелі педагогтар мен ата-аналар баланы […]

Толығырақ

Азамат Битан. Шын айтам, Абаев мырзаның түк қатысы жоқ!..

Құрметті ағайын! Ең алдымен сілтемені ашып кіргеніңіз үшін алғыс білдіремін. Тақырыпты «айқайлатып» қойғанымыз үшін айыпқа бұйырмаңыз. Күніне жүздеген сілтемелер көз алдымыздан зырғып өтіп жатқан шақта бұл әдіс те кейде керек екен. Бірақ расымен бұл жазғаныма Абаев мырзаның еш қатысы жоқ!.. Әу баста қазақ әкелеріне бағыттап ашқан сайтты кейін «Отбасылық танымдық-тәрбиелік» деп өзгерттік. Себебі әкеге қатысты […]

Толығырақ

Ұлттық идеология: Елді-мекендердің байырғы атауларын қайтарайық

Ақмола облысы – Қазақстанның солтүстігіндегі славян текті атаулар ең көп шоғырланған аумақтардың бірі. Бұл атаулар кеңестік идеология жалғасқан патша заманының тарихымызға салған таңбасы іспетті. Бүгінгі күнде елімізді рухани жаңғыртудың маңызды компоненті ретінде тарихи жер-су атауларын қайтару қажеттілігі туындап отыр. Елордамыз орналасқан еліміздің экономикалық-саяси маңызды аймақтарының бірі ретінде қарастырылып отырған аумақты зерттеудің маңызы зор. Осы мақсатта […]

Толығырақ

Күзен табына қандай аңдар жатады?

Күзен табына жататын толып жатқан аңдар бар. Олардың ішінде қазақ білетін тұқымдары: сасық күзен, сусар, кәмшет, қаншыр, борсық. Сасық күзен деп ат қойғаны: бұл таптағы аңдардың басын қорғар кезде шығаратын сасық иісі болады. Ол иіс өзінен күшті андарға істейтін қаруы. Жетіп ұстайын деген кезде иісін шығарса, жаман иісінен жеркеніп, жоламас деген әдісі. Күзен табындағы аңдардың […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Күріш туралы не білесің?

Жер үстіндегі адамның жартыдан көбі күріш жеп күн көреді. Күріш бидай, сұлымен тұқымдас, бірақ жылы жақта судың күшімен өседі. Күріштің өнімі жақсы: бір пұт тұқымнан елу пұт егін жинап алуға болады. Күріш Қытайда жылына екі рет те орылады. Күріштің айдауы, күтуі өте қиын, саулыққа да зиянды жұмыстың бірі: батпақты тізеден кешіп жүріп жұмыс қылып, бұзылған […]

Толығырақ

Жаңбырдың қандай түрлері бар?

Күн өте қатты қыздыратын ыссы жақтарда болатын не бір күшті жауындарды біз көргеніміз де жоқ. Бір жолаушы Априкеде (Африка) көрген жауынын топан сияқты болды дейді. Жер бетін тез су алып кеткен. Жаңбыр тамшыламай, бір нәрсенің шүмегінен аққандай құйған. Бірнеше минутта сел ағып, көшелерді басып, үйлерді құлатып, ағаштарды жұлып алып кетіп, тастарды домалатып кеткен. Ыссы жақтарда […]

Толығырақ