Алма Қыраубаева. Балақай, Мұхаммед пайғамбарды білесің бе?

Ғылым Педагогика

Құрметті оқырман! Бүгіннен бастап сайтымыздан қазақ педагогика саласында өзіндік орны бар ұлағатты ұстаз, Филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның балаларға арнап жазған бірқатар шығармаларын ұсынып отыруды жөн көрдік.

Ұлттық мектеп моделін қалыптастыру ісінің дамуына үлкен үлес қосқан Алма Мүтәліпқызының балаларға арнап жазған шығармаларының тілі жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Жас буынды мейірімділікке, имандылыққа шақырады.

Редактор.

Балам, бүгін маусымның он төрті – Мұхаммед пайғамбардың туған күні, – деді әкесі Данабекке.

– Пайғамбар деген кім, әке? – деп сұрады Данабек.

– Пайғамбар – дүниені жаратушы Алла Тағаланың ұлы Елшісі. Жер бетіндегі адамдарды имандылыққа шақыру­шы. Ал имандылық деген не? Ол – тазалық. Өтірік айтпау. Адамды сүю. Алланың бар екеніне сену. Адал еңбек ету. Әр істі Алла көріп тұрады. Сен Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп тұр. Қараңғыда ұрлық жасасаң да, көреді.

Мұхаммед пайғамбардың әкесі – Абдолла, анасы – Әмина. Әкесі Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей  тұрып  қайтыс  болады.  Шешесінен  алты жасында айырылады. Ол атасы Ғабділмүтәліптің қолында тәрбиеленеді. Сегіз жасқа келгенде атасы да қайтыс болып, жетім қалады. Енді немере ағасы Әбутәліп асырап алады.

Осы жерде Данабек әңгімеге араласып:

– Немере ағасы деген кім? – деп сұрады.

–  Ағайынды  екі  адамның  балалары  бір­-біріне немере болады. Мысалы, Айбегім мен Данабектің ұрпақтары  немере  бауырлар. Ал, ағайынды екі қыздың балалары – бөле.

Мұхаммед пайғамбар бала кезінде қой бағады. Сауда жасайды. Қырық  жасқа келгенде құлағына дауыс келді. Үш рет: – Оқы, оқы, оқы! – деді. Мұхаммед пайғамбар дауыстың айтқан сөздерін қайталап  тұрады.  Бұл  – мұсылманның  қасиетті кітабы Құранның сөздері еді. Осы қасиетті сөздерді Мұхаммед  пайғамбар адамдарға  жеткізді. Оны қабылдағандар мұсылман болды.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған