«Бату және оның достары»: Екінші кітап жарыққа шықты

Ақпарат

Алматыда З.Наурызбаева мен Л.Калаустың «Бату мен оның Барсакелмес еліндегі достарының оқиғалары» кітабының тұсаукесері болып өтті.

«Көмек» Еуразиялық топ қорының (ERG)  қолдауымен жарық көрген бұл кітап 2014 жылы баспадан шыққан  «Бату мен оның достары. Алтын тостағанды іздеу»  атты бірінші кітабының жалғасы. Балалар мен олардың ата-аналарына қызықты болатын кітап 3000 данамен басылып шығыпты. Қазіргі заманда кітап шығару оңай шаруа болмаса да, ел мен ұлт игілігі үшін жасалған шараға ат салысқан адамдар аз емес.

«Қазір кітап шығару оңай емес әрине. Жазуын жазып шығасың ғой, қалғанына қаражат керек. Осы ретте «Көмек» Еуразиялық топ қорының басшылығына алғысымыз шексіз. Осындай кітапбымыз бар, енді жалғасын шығарайық деп ұсыныс айтқанымызда көп ойланбастан бірден көмек қолын созды. Және де келесі жылы үшінші кітапты да шығаруға көмек береміз деп отыр.

Бірінші кітаптың қазақша аудармасы да бар. Бірақ көп дана емес. Өкінішке орай, қазақ тілді меценаттар осындай шараларда бей-жай қарап отыра береді. Дегенмен, екінші кітапты да аударып, баспадан шығарып қалар деген үмітіміз жоқ емес. Айналып келгенде, ұлт мүддесі мен халық тарихы негізінде жазылған кітаптар ғой» деді кітап авторларының бірі Зира Жетібайқызы Наурызбаева.

talbesik.kz

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған