Елімізде 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр

Ақпарат

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды talbesik.kz тілшісі.

«Үкімет отырысында бүгінгі ахуалға қатысты әлеуметтік салада әзірленген ұсыныстардың бірқатары шешімін тапты. Біздің атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген азаматтардың үшінші тоқсанға тағайындауын проактивті түрде, яғни өтінішін өткізбей тағайындау туралы шешім. Бұл жерде халықтың көп сұрап жатқаны екінші тоқсанда 42 500 теңгені алған азаматтар мұны табыс ретінде есептелмейді және бірыңғай жиынтық төлем төлегендер де табыс ретінде есептелмейді. Бүгінгі таңда 128 мың отбасы осы атаулы әлеуметтік көмекті алып жатыр», – дейді министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған