«Отбасылық салт-дәстүр» атты онлайн іс-шара ұйымдастырылды

Ақпарат

«Ұлттық код» дегеніміз  сан ғасырлық тарихи тамырымыз, өзге елден ерекшелеп тұратын салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз, діни ұстанымымыз бен тіліміз, білім мен ғылымымыз, өзімізге ғана тән ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз.

Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

2020 жылғы 17 тамыз күні Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылы «Байзақов ауылдық мәдениет үйі» бастамасымен «Отбасылық салт-дәстүр» атты онлайн іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты – отбасылық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, болашақ ұрпақты салт-дәстүрлер арқылы білімділікке, шығармашылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шараның ережесі бойынша екі отбасы белгілі бір салт-дәстүр түрі бойынша және отбасылары жайында қысқаша мағлұмат айтып, бейнеролик түсіреді. Тұсаукесер рәсімін Мухамединовтар отбасы көрсетсе, Аманжоловтар отбасы құрақ көрпелерді тігуді көрсетті. Барлық бейнероликтер әлеуметтік желідегі @baizakovskii_sdk инстаграм парақшасында жарияланды.

«Байзақов ауылдық мәдениет үйінің» мәдени-ұйымдастырушысы Айкүміс Кулахметованың айтуынша:

– Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрпы және ырымдары бар. Ол сол ұлттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктерінің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Осындай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлаудамыз.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Ruh.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған