Алматыда 265 отбасы баспаналы болды

Ақпарат

Алматыда қала күніне орай 265 отбасы баспаналы болды. Үй кезегінде тұрғандарға коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер ұсынылып отыр деп хабарлайды qazaqstan.tv

Баспана шаһардың Түрксіб және Алатау аудандарында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлерден берілді. Пәтер кілтін алған 265 адамның ішінде 29 жетім бала, 120 көпбалалы отбасы мен мүгедектер, толық емес отбасы мүшелері бар. 

Алматыда жыл басынан бері мыңнан астам жанұя баспаналы болды. Жыл соңына дейін 3500-ге жуық отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда. Қазір шаһарда 26 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған