Елбасы: 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі

Ақпарат

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады деп хабарлайды Talbesik.kz сайта Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде жуырда өткен праймериздің нәтижелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев праймериз сабақтастықты сақтай отырып, партия қатарын жаңартуға мүмкіндік берген нағыз әлеуметтік лифтке айналғанын атап өтті.

Кездесу барысында Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

– Партияның орталық аппараты мен біздің актив ауқымды жұмыс істеді. Мен оларға қажырлы еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Алда әлі атқаратын шаруа көп. Ел игілігіне бағытталған жұмысты жалғастыруымыз керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған