Балаңызға «ұялма» демеңіз

Әулет Редакция таңдауы

Кей ата-аналар баласына: «Ұялма, тамақтан алып жей бер», «ұялма, айта бер», «ұялма, келсеңші» деп бұрыс сөйлеп, оның бойындағы ең аяулы туабітті қасиетін өздері бүлдіреді. Яғни мұндай жағдайларда «ұялма» сөзін қолдану дұрыс емес. Кешегі дана ата-əжелеріміз «Ер жігітке өлімнен ұят күшті» деп өз ұрпағын қалай жігерлендірген?! Ал олар (ата-аналар) «Ұялғаны несі» деп жас өркеннің намысына тиеміз. Хәкім Абай 36-қара сөзінде ұят турасында былай дейді: «Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «Мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген». Ал кей үлкендер: «Жыламаған балаға тәтті жоқ, ұяла қалған өзіңнен көр» деп бұлақтың көзін жауып жатқандарын сезбейді.
Меніңше, біз ұят пен жасқаншақтықты, ұят пен ынжықтықты жиі шатастыратын секілдіміз.

© Азамат Битан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған