Айгүл Исмақова, Филология ғылымдарының докторы, алаштанушы: «Қош келдің, Талбесік!»

Редакция таңдауы

– Тәуелсіздік кезінде қазақтың ұлттық құндылықтары аса қажет екені айқын. Отбасы мен мектеп әлі күнге дейін келе алмай жатқан үлкен бір мәселе бар. Ол – білім беру мен ұрпақ тәрбиесін ажыратып алған жөнсіздік. Алаш Арыстары өз еңбектерінде (Айталық, Псиxология, Жүсіпбек Аймауытұлы, Педагогика, Мағжан Жұмабай) білім беруді ұлт тәрбиесімен бірге ұстануды ұсынғаны мәлім. «Тәрбиесіз берген ғылым – қылмыс!» деп санаған Әбу Насыр әл-Фараби. Осы шақта қазақтың отбасындағы бала тәрбиелеу  ісі түрлі өзгеріске ұшырап бара жатыр…

«Талбесік» атты Әкелерге арналған танымдық сайт тәрбиелік алаң ғана емес-ау. Қазақтың Ер мен Қызы қалай тәрбиеленіп еді? Оның шарттары мен отбасылық құндылықтары нені басты санаған? Отбасындағы Әкенің орны қандай болған? Қазақтың қасиетті Аналары үшін неге Отағасының абыройын сақтау ұрпақ тәрбиесі үшін ең басты мәселе болған? Алып Анадан туады деп неге айтылған? Берекесі мен мерекесі тасып жатқан Наурыз айында дүниеге келіп жатқан «Талбесікке» Ақжолтай тілейік! Ата-баба сөзінде нақышталған ұлт тәрбиесіне қатысты Ақыл Сөз – Асыл Сөзді қайта жаңғыртатын «Талбесіктің» оқырмандары баршылық екені де айқын.

Қош келдің Талбесік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған