Халел Досмұхамедұлы. Темекінің өте зиянды екенін ұмытпа!

Алаштың әлдиі
  1.  Дем алғанда аузың өнемейін жабулы болсын.
  2. Шаңда не ауасы бұзылған орында шамаң келгенше дем алма (тұрма). Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе, үйдің ішінде шаң көтеруші болма.
  3. Үйдің ішіндегі еденге, жарға (дуалға) қақырма, түкірме, мұрын орамалыңа да қақырып, түкірме. Жаюлы жатқан (төсеген) киіздің, кілемнің астына әр кезде қақырып түкірме.
  4. Киіміңді, төсегіңді, бөтен нәрселерді үйдің ішінде қақпай, сілікпе, тазалама, сыртқа шығарып тазала.
    Үйдің ішіндегі нәрселерді сүрткенде, сыпырғанда сүрткішің, сыпырғышың құрғақ болмасын, дымқыл болсын.
  5. Үйде отырып жұмыс қылғанда, жылы уақытта терезең ашық болсын.
    Суық уақытта күн тәуір болса, бірнеше рет есік-терезені ашып, үйіңнің ауасын жаңартып, тазалап тұр.
    Гулеме желден сақтан. Әсіресе қызып терлеп отырғанда сырттағы ауа (терезе, есік секілді) бір тесіктен кіріп, қарсы тесіктен (есіктен не терезеден) шықса, үйдің ішін жел гулеп кетеді; осы желді гулеме деп атайды.
  6. Ұйықтайтын үйіңнің (бөлменің) ауасы өте таза болсын. Ұйықтаған уақытта күндізгі шаршатқан бейнетіңнен құтылып, дем аласың, келешек күнге күш-қайрат жинайсың. Өміріңнің біразы ұйқыда өтеді. Сондықтан ұйықтайтын жайың денсаулыққа керекті шарттарға келісті келсін, таза болсын, мұны ұмытпа.
  7. Еш уақытта көкірегіңді, ішіңді (құрсағыңды) терезенің алдына не тақтайдың, үстелдің шетіне я болмаса басқа нәрсеге кидірмелеп қыспа.
  8. Шылым тартпа, насыбай атпа, темекінің өте зиянды екенін ұмытпа

«Оқушының саулығын сақтау» еңбегінен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған