Халел Досмұхамедұлының көз саулығына қатысты құнды кеңестері

Алаштың әлдиі
  1. Ымыртта, ала-көлеңкеде, нашар жарықта оқыма, жазба, жұмыс қылма.
  2. Күндіз үйде жұмыс қылсаң, жарық (терезе) сол жағында болсын. Жарық болған тесіктен (терезеден) аз да болса аспанның бір бөлегі көрініп тұрсын. Көз алдындағы (қолындағы) істеп отырған жұмысыңа (жазып отырған қағазыңа, тігіп отырған киіміңе) күн түспесін. (Күннің шуағы тимесін).
  3. Кешке шаммен жұмыс қылғанда, шамың алдында кішкене сол жаққа таман жарты метрдей (үш жарым қарыстай) алыста тұрсын. Шамның қалпағы (абажыры) қара не қызыл, көк, сары секілді бояулы болмай, ақ шыныдан (фарфордан) болсын. Жыпылықтаған жарықта, ат үстінде, жүріп келе жатқан арба-шана үстінде, от арбаның, трамвайдың ішінде жұмыс қылу, кітап оқу көзіңді бұзады. Жатып оқыма, жатып іс қылма, көзіңді тез бұзасың.
  4. Жазғанда қою қара сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз. Жазғанда жолмен (транспаран) пайдаланба. Ең жақсысы сызықсыз қағазға түзу жазып үйрен.
  5. Жұмыс уақытында көзің талса, жұмысыңды қой да, көзің дем алғанша (талғаны қойғанша) терезеге қара.
  6. Қатты аурудан тұрғанда әбден айыққанша, біраз уақыт көзіңді күтіп, сақтанып жүр.
  7. Еш уақытта көзіңді уқалама, тазалап жумай тұрып қолыңды көзіңе тигізбе.
  8. Көзіңе қиқым не бөтен нәрсе түсе қалса, көзіңді уқалама, жоғарғы қабағыңды қолыңмен жай ғана мұрнына қарай сипа.

Көзіңе түскен нәрседен бүйткенде құтыла алмасаң, доқтырға көрін. Қазақтың әдетінше көзіңе үдірме, көзіңді жалатпа.

  1. Көруің кемісе я көзің ауырса, доқтырға көрін. Көзіңе көзілдірік керек пе? Не бөтен дәру керек пе? Тек доқтыр ғана біледі. Көзілдірік керек болса, қандай көзілдірік керектігін (көзілдіріктің нөмірін), қай уақытта киюін доқтыр айырып береді. Орынсыз киген көзілдірік көзді бұзады. Доқтырмен кеңеспей көзілдірік киме!
  2. Бөтен кісінің бет орамалымен (сүлгісі) бетіңді, көзіңді сүртпе. Өзіңнің бет орамалың жеке болсын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған