Аққалақов Расул: «Атам мен үшін нағыз батыр адам»

"Менің атам..." байқауы Редакция таңдауы

Қып – қызыл өрттің ішінде, алаулап от боп жанғандар,
Күрсінбе қартым күрсінбе, қатары сиреп қалғандар.
Қырқыншы жылдың күзінде жауынгер болып барғандар,
Жаңа ғасырдың төрінде ескерткіш болған заңғарлар.

 (Ескерткіш алдындағы ой)

 

Менің атам, – Джапар, апам – Қазияш елден ерен емес, қарапайым жандар. Атамның ата – бабасының туған жері Ақсуат. Қызылкесік кеңшары болған. Апам Тоғымның қызы. Ел басына күн туып, елдің игі жақсылары Қытайға үдере көшкенде атам анасымен, екі егіз бауырымен келіп, Тасбұлақты мекендеген. Содан бері күллі өмірі Тасбұлақпен бірге жасасқан. 1939 жылы әскер қатарына Үржардағы военкоматтан шақырылған. Ол уақытта әскери қызмет 3 жыл болған. 1940 жылы Финляндия соғысына қатысқан. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, фашистермен атам шекарада жүздескен. Соғыста 1945 жылы Берлинде аяқтаған атамды Жапонияға апарған. Елге аман – есен 1947 жылы оралған. «Қырық  жыл қырғын болса да ажалды өледі» – деген осы шығар.

1955 жылы менің апама үйленіп, соғыстан кейінгі ауыр кезеңде Тасбұлақта бірге өмір сүрген. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары атамда апамда ауыр жұмыстың өтінде жүрген. Кейінгі жылдары  комсомол бригадасының көмекшісі болған.

Қарын тойдырмас еңбек ақыны қанағат тұтқан мейлінше шыдамдылық көрсеткен. Әлде кімге мен өкіметке еңбек сіңірдім маған беріңдер көмектесіңдер деп кеуде соғып ештеңе сұрамаған, тіпті өле – өлгенше еңбек ақысын өз қолымен алмаған. Бар сенгені екі ұлы еді қос қанатындай, қос жанарындай, түйенің екі өркешіндей, биенің екі емшегіндей. Осылар аман болып, артымда қалсын, менің бар байлығым осылар деуші еді. Халқымыздың басынан небір нәубет жылдар өтті ғой. Кейін атам өзінің сұрауы бойынша әскер қатарына Үржар әскери комиссариатынан аттанып, Фин соғысына қатысады. Отан алдындағы борышын өтеп елге енді қайттым дегенде, Екінші дүниежүзілік соғысы басталады. Бірінші күннен бастап, соғысты Украина жерінде, шекарада 44 артиллерия полк құрамында қарсы алады. Гаубациялық артиллерия полкінің зеңбірекшілер взводында аға сержант шенінде болады. Кескілескен шайқастарда жаумен неше рет бетпе – бет келген ол ерлікпен шайқаса білді. Сондықтан «Қызыл жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» т.б. медельдармен марапатталады.

Соғыс аяқталған соң ауыл шаруашылығында еңбек етті. Соғыс және еңбек ардагері. 1947 жылы елге оралған ол мен үшін нағыз батыр адам.

Менің атам 2010 жылы 13 – қаңтарда қайтыс болды. Мен атамды жүрегімде батыр ата ретінде мәңгі сақтамақпын!

Биыл ұлы жеңіске 73 жыл толып отыр. Бұл жеңіске аталарымыз бен апаларымыз өмірлерін қиып, аянбай шайқасып, ерең еңбек етіп қол жеткізген жеңісі. Қазіргі таңда сол ардақтыларымыз саусақпен санарлықтай, тым аз. 1941- де басталып 1945-те аяқталған қанды соғыс барлығын жалмап, қандарын судай ағызып жасыл дала қанды далаға айналды. Ел үшін жер үшін аянбай соғысқан аталарымыздың еңбек етіп, тер төккен апаларымыздың арқасында бақытты мәнді де сәнді өмір сүрүдеміз!

 

Үржар ауданы,  Алтыншоқы ауылы
Алтыншоқы орта мектебі 9- сынып оқушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған