Мағжан Жұмабайұлы. Қазақ бесігіне қатысты жарияланбаған пікірлер

Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңуіне кесел деп көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы көзінен қарағанда бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі абыр-сабыр тұрмыста бөлеудің пайдасы да болып шығар. Әңгіме бөлей білуде. Тас қылып бөлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. […]

Толығырақ

Бекен Қайратұлы. «Оралман» бесік

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Қызылжар қаласындағы облыстық өлкетану музейінде өте көне бесік тұр. Оған «Оралман бесік» деген ат қойылыпты. Кәдімгі боз талдан иіп жасаған қарапайым ғана бұйым. Тым ескі дүние екені бірден көзге шалынады. Бесіктің қақтап иіп жасаған басы мен аяғы, арқалығы, жіңішке шабақтары, белдік ағаштарының ескіргені соншалық, әбден ақбозданып, дымы семіп, ағашы қатып […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ құстың қанша түрін білген?

Құсты басқа хайуаннан айыру оңай. Үстінде жәй жүн емес, қауырсын жүн. Аяғы екеу. Алдыңғы аяқтардың орнында қанат, тұмсығының ұшында тері орнына мүйіз. Денесі ұшуға қайым біткен. Құс баласын жұмыртқа күйінде табады. Жұмыртқасын біраз басқан соң, балапан шығады. Кей құстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен, тез аяқтанады, енесінің соңынан еріп, тамағын теріп жеуге жарайды. Кей құстардың балапаны жұмыртқадан […]

Толығырақ

Бал татыған уыз құйқа жеп көрдіңіз бе?

Бал татыған уыз құйқа жеп көрдіңіз бе? Құрғақ сүт туралы не білесіз? Қазақ әйелі оны қалай дайындаған? Кімге берген? Бұл сауалдардың жауабы төмендегі жазбада… Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдуілгі сүттен небір тамаша тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шұбат, айран, қатық, қаймақ, балқаймақ, кілегей, ақ қаймақ, ақ ірімшік, […]

Толығырақ

Азамат Битан. Шын айтам, Абаев мырзаның түк қатысы жоқ!..

Құрметті ағайын! Ең алдымен сілтемені ашып кіргеніңіз үшін алғыс білдіремін. Тақырыпты «айқайлатып» қойғанымыз үшін айыпқа бұйырмаңыз. Күніне жүздеген сілтемелер көз алдымыздан зырғып өтіп жатқан шақта бұл әдіс те кейде керек екен. Бірақ расымен бұл жазғаныма Абаев мырзаның еш қатысы жоқ!.. Әу баста қазақ әкелеріне бағыттап ашқан сайтты кейін «Отбасылық танымдық-тәрбиелік» деп өзгерттік. Себебі әкеге қатысты […]

Толығырақ

Мағжан бөпесін осылай әлдилеген…

Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым. Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйықта, жұм көзің. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі де ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқса дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Балық қандай мақлұқ?

Дүниедегі көп мақлұқтың бірі – балық. Балық өзен, көл, қара су сияқты тұщы суларда, теңіз, мұхит сияқты ащы суларда да болады. Балықтар түрлі тұқымды, түрлі түсті, түрлі тұлғалы болады. Үлкен ірілері де, құрттай ұсақ кішкенелері де, жылан сияқты жіңішкелері де, торсық сияқты томпайғандары да, қолша сияқты жалпайғандары да болады. Біреулерінің басы ат басына ұқсайды, біреулерінің […]

Толығырақ

Ақселеу Сейдімбек. Қазақстанның телесаясаты – дәрменсіз, телеидеалы – рухани мүгедек

Көрер көз, сезер жүрек болса, қазақтың рухани әлемі қазір өлім мен өмір додасын бастан кешіп отырғандай. Өлім деген жақта не тілі жоқ, не ділі жоқ, не дәстүрі жоқ рухани шаталардың «интернационализм», «біртұтас рухани кеңістік», «дамыған елдердің озық мәдениеті» деп даурыққан даңғазасы құлақ тұндырады. Ол аздай-ақ, кино өнері арқылы, теледидар арқылы, баспа өнімдері арқылы тасқындап құйылып […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Баланы тұзды суға шомылдырған дұрыс па?

Баланы шомылдыру оны кірден тазартады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді. Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш айға дейін Рьюмер бойынша – 29 градус. Үшінші айдан жыл аяғына дейін 28 градус, екінші жылда 27 градус, мұнан былайғы жылдарда 26-25 градус болып, бала өскен сайын төмендей берсін. Ең төмендегенде 22 градустан кем болмауға тиісті. Жаңа туған баланы […]

Толығырақ