Сәкен Сейфуллин. Әлди-әлди, аппағым!

Әлди-әлди, аппағым! Жылама, менің жүрегім, Әкең малда тұр шығар Таяныш қып күрегін. Әлди, менің бөбегім, Әкең жүр ғой малменен! Жүрген шығар алысып Шұна қаяз қарменен. Қартайғанда күтетін Әкесі мен шешесін, Кандай жігіт өскенде Болар екен бөпешім? Өңкей біздей зарлыға, Кемдіктегі жарлыға, Жаным менің ержетіп Көсем болар ма екенсің? Тақылдаған таңдайы, Кере қарыс маңдайы. Алмас тілді […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Қазақ бесігіне қатысты жарияланбаған пікірлер

Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңуіне кесел деп көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы көзінен қарағанда бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі абыр-сабыр тұрмыста бөлеудің пайдасы да болып шығар. Әңгіме бөлей білуде. Тас қылып бөлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. […]

Толығырақ

Мағжан бөпесін осылай әлдилеген…

Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым. Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйықта, жұм көзің. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі де ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқса дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық […]

Толығырақ

Жас әкенің әлдиі

Тәй-тәй басып жүргенің, Көңіліме шуақ шашады. «Әке» деп қарап күлгенің, Шаршағанымды басады. Тәп-тәтті сүттей иісің, Тәбетімді ашады. Шаңырағымның күйісің, Өзіңсіз құтым қашады. Атасының еркесі-ай, Әжесінің көкесі-ай. Ағасының шырағы, Әпкесінің бұлағы. Әлди-әлди бал балам, Ұйықтай ғой жан балам. Анасының тірегі-ай Әкесінің жүрегі-ай. Қуанышы үйімнің, Жұбанышы жүректің. Әлди-әлди еркем-ай, Ұйықтай ғой бөпем-ай. Шықса да алдыңнан қандай сын, […]

Толығырақ

Қасым Аманжолов. Әлди, әлди, әлпешім!

Әлди, әлди, әлпешім! Ұйықта деймін, ұйықтайсың. «Мә-мә» берсем қайтесің, Ұйықта десем, ұқпайсың. Жоқсың бүгін көз ілген, Көп ісімнен бөгедің. Жаудыраған көзіңнен!.. Ұйықтай қойшы, бөбегім. Әлди,әлди, әлди-ді, Әлди біздің қалғиды. Ұйықта десем, күлесің, Айналайын күлкіңнен! Ер жеткен соң білесің, «Тұр-тұрлармын» бір күн мен. «Кешіктің, — деп, — сабақтан», Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап», «Жоқ қой әлі таң атқан», — Деп жүрмеші […]

Толығырақ

Мұқағали Мақатаев. Бесік басында

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне. Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге. Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын, Керек емес, дүния, асылдарың! Бақыт, байлық — барлығы менің үшін Сенің бір кеп мойныма асылғаның. Аймалайсың жанымды күлкіңменен, Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген. He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем, Қытықтаған жүректі бір тілменен? …Қандай ғана […]

Толығырақ