Ерлан Рысқали, қамқор әке: «Балаңа иіліп төсек, жайылып жастық бола біл»

«Әкемен әңгіме» жобасы әрі қарай жалғасады. Ал дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәл қазіргі уақытта Еуропада отбасымен бірге білім жолында жүрген Ерлан Рысқали ағамызды әуелден осы тақырып төңірігенде айтары бар әкелердің бірі деп білетінмін. Сәті түскен сұхбатты оқырмандар назарына ұсынамыз. Құрметпен, «Talbesik.kz» сайтының жетекшісі Азамат Битан.    – Ерлан аға, елден алыста жүрсеңіз де […]

Толығырақ

34 немере, 62 шөбересін қызықтап отырған батыр туралы әңгіме

Соғыстың хабары келгенде он сегізге жаңа толған жас жігіттің балаң көңілі әлі басыла қоймаған еді. Алда алыс жол, асу бермес өткел тұр. Көңіл құрғыр алабұртып, ойы сан-саққа жүгіреді. Артында атамекені – ауылы қалып барады. Туып-өскен ауылын енді қайта көре ме, көрмей ме, белгісіз. Қасында тай-құлындай тебісіп ойнаған, қара нанды бөліп жеген сенімді он бес серігі […]

Толығырақ

«Оянный белеттегі» сарбаз туралы әңгіме

Бұл атам Жәкітайдың «1945 жылдың күзінде, соғыстан елге келгеннен соң «оянный белет» (военный билет дегені ғой) үшін түскенім еді» дейтін ең көне фото-суреті. Атам барыс жылы, яғни, 1902 жылы туған. Сонда мына суретке ол кісі 43 жасында түскен. Жалпы соғыс туралы  әдейілеп сұрасаң сөзді басқа жаққа бұрып, айтқысы келмейтін. Атам марқұмнан естіген сол аз әңгіменің […]

Толығырақ

Атамның үлкен ұлы – Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі

Менің атам Маямеров Мəлғажы Мухаммеджанұлы 1944 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Қазір 74 жаста, 5 баласы, 17 немересі бар. Семей қаласы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбеков атындағы мектепте 44 жыл бойы адал қызмет еткен. Басында алгебра (математика) пəнінен сабақ беріп, одан кейін тəрбие ісінің меңгерушісі болған. Ал өзінің тәрбиелеп өсірген 2 ұлы жəне 3 […]

Толығырақ

Зерде Қадырбекқызы. Менің «мылқау атам» немесе иманын сақтаған қарт туралы естелік

Менің бір емес, екі бірдей атам бар. Әкем үйдегі он төрт баланың ішіндегі бесінші ұл екен. Қазақтың ежелден келе жатқан салты ғой, әкемді атамның ағайыны Әбілмәжін деген атамыз (Әбіш) бауырына басады. Міне, содан бері мен Әбіштің немересімін. Әбіш атам мен тумай тұрып көз жұмып кеткендіктен, ол кісі туралы ештеңе білмейтінмін. Тек үйдегі ескі альбомдардан өзімнің […]

Толығырақ

«Менің атам…» байқауы: 9 үміткер қаржылай марапатталады

Осыдан бір ай бұрын әкелерге арналған тәрбиелік-танымдық Talbesik.kz сайты «Менің атам…» атты ескі суреттердің негізінде жазылған естелік жазбалар арасында байқау жариялаған еді. Әлеуметтік желілердегі жұмыстарды қоспағанда, еліміздің әр өңірінен электронды поштамызға келіп түскен материалдар саны 70-ке жуықтады. Әсіресе Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өте белсенді. Соның барлығында қаншама адамның сан түрлі тағдыры баяндалған десеңізші… Ескіден […]

Толығырақ

Назгүл Айбарқызы: «Атам сөзге емес, іске бейім еді»

Мен атамды көрген жоқпын… Көрмесем де, айналамдағы үлкендердің сөздерінен атамның ерекше тұлға болғанын сезініп өстім. Қашан да қарапайымдылықты, кішілік пен кісілікті жанына жақын тұтқан, сөзден гөрі іске бейім, өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білетін, туа бітті табиғи таным қабілетін қоғамға пайдалы іске жұмсай білген тұлға деп танимын. Таныған сайын бойымды мақтаныш керней береді, […]

Толығырақ