Ахмет Байтұрсынұлы. Тұман мен бұлт туралы не білесің?

Су қызса бу болады, бу салқындаса қайтадан су болады. Су боларда әуелі уақ, гүлдей-гүлдей тамшы болады. Қаттырақ салқындаған тамшы біріне-бірі қосылып, ірілене бастайды. Ауа жылы болса, бу көрінбейді, өйткені түйірі тым уақ болып көзге түспейді. Ауа салқын болса, бу көрінеді, өйткені, бу уақ-уақ тамшыға айналады. Көзге түседі. Мәселен, жазды күні ауыздан шыққан бу көрінбейді, қысты […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Мақта туралы не білеміз?

Маталар кендірден, жүннен, мақтадан істеледі. Мақтаның мамығы мақта өсімдігінен шығады. Мақта жылы жақта өседі. Ресейде мақтаны көп егетін жер –Түркістан. Түркістан мақтасы бүтін Ресейдің пабрикаларын (фабрика) тойындырады. Қапқазда (Кавказ) да мақта егеді, бірақ мақтадан атақ алған жер – Түркістан. Мақта түрлі болады. Кейде шөп, сабақ, кейде бұта, кейде ағаш сықылды болады. Мақтаның гүлінен тұқымы шығады. […]

Толығырақ

Қиғырлар туралы білесіз бе?

Қиғырлар деп – тісі пышақтай өткір мақұлықтар аталады. Олар  13 топқа бөлінеді. Оның ішінде қазақ білетін таптары: тышқан, тиын, суыр, қоян, қосаяқ, құндыз. Қиғырлар жер жүзіне тегіс тараған мақұлықтар. Бұлардың қорек қылатын нәрселері бұтаның жапырағы, шыбығы, тамыры, ағаштың қабығы, астықтың дәні, жеміс және кейбіреулері мақұлықтың етін де жейді. Қиғырлардан зиян бар, пайда жоқ. Мәселен, тышқанның […]

Толығырақ

Шоқан Уәлихан. Қазақ қару жасауды білген бе?

Ескі заманнан бері қазақтың екі түрлі қаруы болған. Бір түрі жайшылықта малға барғанда ұстайтын, болмаса үй арасындағы төбелесте жұмсайтын құралдар. Екіншісі соғыста керек қарулар. Әуелгі түрі қамшы, құрық, сойыл. Қамшыны бұзау терісінен өріп, ортасына өзек салып, ұзындығын жеті тұтамға дейін, жуандығын екі саусақтың жуандығына дейін істеген. Өрімді сапқа саптап, саптың ұзындығы төрт-бес тұтам болған. Сапты […]

Толығырақ

Найзағай туралы не білеміз?

Мұнан жүз елу жыл бұрын күн күркіреуі мен найзағай неден болатынын адам білген жоқ. Енді бұларды адамның бәрі біледі, бірақ бұлардың мән-жайын білу оңайға түскен жоқ. Күн күркіреуі мен найзағай не екенін ең алдымен америкалық Пранклин деген кісі білген. Пранклин найзағайды бұлттан жерге ағызып түсіруге әдіс тапқан. Ол бұлай болған: балалар ойнайтын қағаз ұшырмақ сықылды […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Иманды үйренудің ең оңай жолы қандай?

Бір зор әлім молдадан жаңа дінге кірген адам: — Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты. Әлім айтты: — Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—деді. Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты: — Далаға […]

Толығырақ

Халел Досмухамедов. Чтобы уши были здоровыми…

Уважаемые читатели! Сегодня мы предлагаем вам начать знакомство с книгой, написанной около века тому назад борцом на пути духовности нашего народа Х. Досмұхамедұлы, «Охрана здоровья учащегося». Каждая тема в учебнике очень актуальна. Я уверен в том, что все произведения, представляемые в этом направлении, будут полезны не только для отцовского круга, но и для всего общества. […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Жылан тілімен шаға ма, әлде тісімен шаға ма?

Бақа-шаян деп үстінде түгі де жоқ, қанаты да жоқ, құр терісі бар мақлұқтарды айтамыз. Бұл мақлұқтар көзге кескінсіз, көңілге сүйкімсіз, түсі суық келеді. Бақа-шаян деп аталатын мақлұқтар: көлбақа, тасбақа, тостаған бақа, кесіртке, жылан. Бұлар адамға залалсыз мақлұқтар. Олар қайта маса, шыбын, көбелек сияқты адамға, малға, егін-пішенге зияны бар мақлұқтарды алып жеп, қыруы себепті пайдасы тиетін […]

Толығырақ