Мағжан қандай жастарға сенген?

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты Мен жастарға сенемiн! Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн! Жас қырандар – балапан, Жайып қанат ұмтылған. Көздегенi көк аспан. Мен жастарға сенемiн! Жұмсақ мiнез жiбектер. Сүттей таза жүректер. Қасиеттi тiлектер – Мен жастарға сенемiн! Тау суындай гүрiлдер, Айбынды алаш елiм […]

Толығырақ

Мұхтар Әуезов. Япония қараңғы надан күйден қалай айықты?

Япония жастары ғылым дүкені құрылып тұрған жақтарға ағыла бастады. Бәрінің һәр жерге келгендегі мақсаттары – жалғыз Японияның бақытты болу қамы болды. Сол себепті бұлардың Европа ғылымын біліп алғандары тоқтамастан жеріне қайтып, жиып апарған білімдерін елдеріне егіп отырды. Японияның бір патшалықтың ішіне келіп, оқу оқығандары сол патшалықтың жұрт билеу тәртіптері қандай, шаруаларының қандай түрлері бар, өзге […]

Толығырақ

Жүсіпбек Аймауытұлы. Қымызды тәтті қылудың 5 амалы

Қымыз татымасын, тәтті болсын десең: Қымыз ашытатын ыдыс семіз малдың терісінен қанық ысталған болсын; ағаш болса, емен не қызыл қарағайдың күбі болсын. Ыдысты күнде болмаса, екі күнде бір қайнаған сумен жуып, майлап, ыстау керек. Тері ыдысты қайнаған суды салқындатып жуған жақсы. Табылса, құйрық, болмаса, тоң маймен майлау керек. Тобылғымен, жүзгінмен немесе сексеуілмен ыстаған дұрыс. Қымыз […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Қыс қамы

ҚЫС ҚАМЫ (Жұмаш айтқанынан) Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суықтан қорынып, төсектен тұрғың келмейді. Апам да ертеңгілік тұрғанда, бүрісіңкіреп тұрады. Даладан келгенде суықтан шіміркеніп келеді. От жағып, алақанын отқа қақтап: «Қылышын сүйретіп қыс келеді. Балалардың жылы киімі, етігі жоқ», – деп айта береді. От ала келген қатындар да соны айтады. «Етік болмаса, күпі […]

Толығырақ

Шерхан Мұртаза. Алпыс жастағы жетімнің көз жасы

1998 жыл. 9 май еді. Жеңіс күні. Алматы. Панфилов паркіндеміз. Мереке күнімен бір-бірімізді құттықтап жатырмыз. Өзі бір «кампанбыз». Қалың қарағай түбіне шағын дастархан жайылды. Әсіресе жазушы Бек (Совхозбек) Тоғысбаев көңілділеу. Мен сөз кезегінде Бекке қарата: – Әкең сенің осындай азамат, жақсы жазушы болғаныңды көрмей, – Майданда қаза тапты, әттең… – деп едім, Бек кенет еңкілдеп […]

Толығырақ

Тәуелсіздікке тарту: Балалар кітаптары жарық көрді

14 желтоқсан күні сағат 11:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада балаларға арналған «Ілияс пен Заңғардың планшеті» және «Ыбырай атамның әңгімелері» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді. «Қазақ ішінде бала ісіне ерекше көңіл бөліп, ағартушылық бағытта өнімді жұмыс қылғандардың бірі – Ыбырай Алтынсары. Қанша уақыт өтсе де жазушының шығармалары өзекті, маңызын жоғалтпаған. Бірінші кітапта ұлт ұстазының 8 әңгімесі […]

Толығырақ

Күзен табына қандай аңдар жатады?

Күзен табына жататын толып жатқан аңдар бар. Олардың ішінде қазақ білетін тұқымдары: сасық күзен, сусар, кәмшет, қаншыр, борсық. Сасық күзен деп ат қойғаны: бұл таптағы аңдардың басын қорғар кезде шығаратын сасық иісі болады. Ол иіс өзінен күшті андарға істейтін қаруы. Жетіп ұстайын деген кезде иісін шығарса, жаман иісінен жеркеніп, жоламас деген әдісі. Күзен табындағы аңдардың […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Күріш туралы не білесің?

Жер үстіндегі адамның жартыдан көбі күріш жеп күн көреді. Күріш бидай, сұлымен тұқымдас, бірақ жылы жақта судың күшімен өседі. Күріштің өнімі жақсы: бір пұт тұқымнан елу пұт егін жинап алуға болады. Күріш Қытайда жылына екі рет те орылады. Күріштің айдауы, күтуі өте қиын, саулыққа да зиянды жұмыстың бірі: батпақты тізеден кешіп жүріп жұмыс қылып, бұзылған […]

Толығырақ

Жаңбырдың қандай түрлері бар?

Күн өте қатты қыздыратын ыссы жақтарда болатын не бір күшті жауындарды біз көргеніміз де жоқ. Бір жолаушы Априкеде (Африка) көрген жауынын топан сияқты болды дейді. Жер бетін тез су алып кеткен. Жаңбыр тамшыламай, бір нәрсенің шүмегінен аққандай құйған. Бірнеше минутта сел ағып, көшелерді басып, үйлерді құлатып, ағаштарды жұлып алып кетіп, тастарды домалатып кеткен. Ыссы жақтарда […]

Толығырақ

Балақай, жаңбыр не үшін жауады?

Жаңбыр бұлттан жауады,бірақ жауын әрдайым жер бетіне жете алмайды. Арестатқа мініп ұшқан адамдар айтады: құп-құрғақ бұлтты күні жерде жаңбыр болмаса да, жоғары бұлттан жаңбыр жауып тұрады деп. Бұл неліктен? Мұның себебі сол – жауынның тамшылары жерге жетпей-ақ құрғап, қайтадан бу болып, жоғары бұлтқа көтеріліп кетеді. Ауа төменде ыссы құрғақ болса, әрқашанда жауын жерге түспей кетеді. […]

Толығырақ