Ай-құлақ қандай ойын?

Ай-құлақ – көктемнен бастап жаздың ішінде балалардың ойнайтын бір ойыны. Ай-құлақты ойнау үшін кешке таман жұрт аяғы басылған соң көп балалар жиналып, өздерінің арасынан үш баланы шығарады – бірін қасқыр, бірін қойшы, бірін ит қылу үшін. Қасқыр болатын баланың екі шекесіне тақияны тікейтіп, орамалмен маңдайынан байлап, арқасына киім-кешек тығып томпайтып, белін астынан буып қасқыр қылып […]

Толығырақ

Қалқаман Сарин. Қызым менің

Қызым менің,  Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн. Өз қолыммен өсірген қызғалдағым, Қаламаймын гүлімнің үзілгенін. Қызым менің, Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім. Бұл өмірдің бақ тұнған бақшасынан, Жемісіңді қалаған үзіп жегін. Қызым менің, Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім. Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен, Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын. Қызым менің, Бой жетерсің боялып қызылға ерін. Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол, […]

Толығырақ

Өз балаңа мына жұмбақ өлеңді жасырып көр

Бірінші әріп –  Жер өлшейтін таяққа ұқсайды, Екінші әріп –  Алшақ тұрған аяққа ұқсайды. Үшінші әріп –  «Мұрт» дегенде бірінші келеді, Төртінші әріп –  «Ұрт» дегенде бірінші келеді. Бесінші әріп –  «Рас» десем тілге оралады, Еске түсіріп ырғайдың доға басын. Алтыншы әріп –  «Тас» десем тілге оралады, Еске түсіріп телеграф бағанасын. Осы сөзді кім оқып […]

Толығырақ

Мұзафар Әлімбаев. Ораз неге жылады, достары неге күлді?

Алты жасар Ораздың Ойыншығы бір арба. Шіркін, ойнап біраз күн, Шығар ма едік құмардан?! Көздің жауын алады, Қол созылар еріксіз. Ойыншықтың жаңағы Біреуі жоқ көріксіз… Сусиыр, танк, самолет, Піл, арыстан, тоты… бар. Сыр-бояуы керемет, Сыңайы жоқ тотығар. – Ойнайыншы қасыңда, Самолетің бер, – деді Айдар келіп досына. Ораз бірақ бермеді. Дәурен келді қылқиып, Пілге тіктеп […]

Толығырақ

Бөпесі – көкесі – тәтесі

Аңғал Шыңғыс атақты Алаңдамай ойынға, Қызықтады кітапты Хайуанаттар жайында. Танымайсың кей аңды, Түсінбейсің десек дым: Бой бермейді Қоянды «Бөпесі, – деп, – Есектің!» Жібермейді намысты, Жеңер дауға түсіп кім: Көсетеді Барысты «Көкесі, – деп – Мысықтың!» Аспайды да саспайды, Тұрсаң дағы тауып мін; Тотықұсты Нұсқайды «Тәтесі, – деп, – Тауықтың!» Әбдіраштың Жарасқаны talbesik.kz

Толығырақ

Ұларбек Нұрғалымұлы. «Үй жұмысы» деген не? 

Жетекші апай:  Бас-аяғын әдемі,  Айналдырып өлеңге?  Кім айтады, балалар  «Үй жұмысы» деген не?  1-бала:  «Үй жұмысы» деген ол –  Сурет, бояу, жапсырма.  «Орында»,- деп апайлар,  Үйге берген тапсырма.  2-бала:  Кеште балабақшадан,  Үйімізге барамыз.  Киімімізді реттеп,  Орынына саламыз.  3-бала:  Үйде болса әкеміз,  Үйде болса анамыз,  Ең алдымен оларға,  Сәлемдесіп аламыз.  4-бала:  Тазалыққа көңіл бөл,  Деген сөзді […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Адам не үшін жаралған?

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда атасы айтты: […]

Толығырақ

Әбдіраштың Жарасқаны. Алфавит сыры

Алфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында, Байқадың ба? Б тұрады үшінші, Ал осының сыры неде? Түсінші: А деген ол – Аналар ғой, ардақты, Ә деген ол – Әкелер ғой, салмақты. Б деген ол – Балалар ғой әдемі, Біздің елде Үшеуі де кәделі… Алшақ кетпей, Сондықтан да расында, Тұрады олар Алфавиттің басында!..

Толығырақ