Балақай, жаңбыр не үшін жауады?

Алаштың әлдиі Редакция таңдауы

Жаңбыр бұлттан жауады,бірақ жауын әрдайым жер бетіне жете алмайды. Арестатқа мініп ұшқан адамдар айтады: құп-құрғақ бұлтты күні жерде жаңбыр болмаса да, жоғары бұлттан жаңбыр жауып тұрады деп.

Бұл неліктен? Мұның себебі сол – жауынның тамшылары жерге жетпей-ақ құрғап, қайтадан бу болып, жоғары бұлтқа көтеріліп кетеді. Ауа төменде ыссы құрғақ болса, әрқашанда жауын жерге түспей кетеді. Мұны «қысыр бұлт» дейді. Ауа төменде дымқыл болса, жауын тамшылары дымқыл ауадан құрғап кете алмай, жерге түседі. Соның үшін кейде жоғарыда жауын бұлтты болса да, жаумай қысырап кетеді. Қазақ даласында, әсіресе батпақ шөлінде, түнеріп келген қара бұлттардың кейде жаумай тарап кететіні де сонан.

Кейде, күн ысып қыздырып тұрса да, кенеттен бұлт көтеріліп шығып, жаңбыр құйып жібереді. Мұның себебі – сол жердің үстінен салқын жел өткендіктен. Бу да қысты күні жылы үйдің есігін ашқан сияқты, қысты күні үйдің есігі жабық тұрса бу білінбейді. Есікті қалай ашса солай, сырттан суық ауа кіреді де, бірден-ақ бу көтеріледі. Бұл ақ бу сырттан кірген жоқ, бұған дейін үйдің ішінде болады. Суық желден үйдегі бу бірден көріне қалды.

Ахмет Байтұрсынұлы

Алты томдық шығармалар жинағы

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған