Қадыр Мырза Әлі. Досқа

Тілашар

Бостан-босқа шытылмайды қабақтар.

Байқайсың ба,

Сенде қызық әдет бар:

Шын дарынды дұшпаныңды жамандап,

Қабілетсіз достарыңды мадақтар.

Жығу емес —

Ұғу елге керегі.

Қай кезде де әділетті, зерек ұл.

Мықты болсаң,

Кемістігін досыңның

Жетістігін дұшпаныңның көре біл!

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған