Ата-анаңа нұрдан тәж кигізетін ұрпағым болсаң деймін

Тілашар

Құрметті оқырман! Әкелерге арналған «Балама тілек» атты байқауға келіп түскен алғашқы мәтінді назарларыңызға ұсынамыз!

Міне, балам, кеше ғана іңгәлап дүние есігін ашып едің, ал бүгін тілің шығып, томпаңдап жүгіріп жүрсің. Аллаға шүкір! Ертең Алла жазса мектепке барып, үлкен өмірге қадам басасың. Бірақ, есіңде болсын, барлық нәрсе  Алланың құзырында. Алладан сенің салиқалы болып өсуіңді және нағыз мұсылман болуыңды тілеймін! Бұл өмір – сынақ, ана өмір – шындық! Жүрегіңді иманға толтыр, өзіңнен кішіге – қорған, үлкенге – қолғанат бол. Ешкімнің ақысын жеме.

Адамның тағдыры – Алланың қолында. Сол себепті қай жаққа, қашан баратыныңды бір Алла біледі, сен тек амал етесің. Құлшылығыңды тіршілігің бөгемесін, жүректер тек Алланы еске алумен тыныштық табатынын ұмытпа. Әрқашан қос қолыңды жай да, Раббыңнан сұра.

Әрине Алла Тағала құлдарының қолын бос қайтаруға  ұялады. Ата-ананың баласына жасаған дұғасы қабыл болады дейді, мен де сен үшін тілеген дұғаларым қабыл болуын сұраймын! Сендерге тілегенім- өзіме тілегенім. Бұл өмірде – көзіміздің қуанышы, Ақыретте біз үшін дұға жасайтын, бізге нұрдан тәж кигізетін ұрпағым болсаң деймін. Әке-шеше балалары үшін сұралады, сондықтан иманды болсаң, біздің де жүзіміз ашық болмақ.

Съез Баянбек

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған