Ұлға бата

Тілашар

Сөзімен ұнайтын
Ісімен жағатын
Ақылды, ажарлы
Көп бала табатын
Атасын, Енесін
Қиналмай бағатын
Ерінің қадірін
Бағалай алатын
Намазын оқитын
Орамал тағатын
ЖАР БЕРСІН САҒАН !

Қарасаң көркіне
Көздерің тоймайтын
Мінезі салмақты
Ақылын жоймайтын
Әкесін силайтын
Анасын ойлайтын
Санасы, білімі
Тереңге бойлайтын
Сүйкімді қылығы
Сүйсінтпей қоймайтын
ҚЫЗДАР БЕРСІН !

Қазақтың жоғын
Жоқтап жүретін
Шындықты айтып
Топқа кіретін
Құран, хадисті
Жатқа білетін
Күн туса елге
Атқа мінетін
Елі мен жұрты
Мақтап жүретін
ҰЛДАР БЕРСІН !

Әуелі таудай
Талабың болсын
Ойлы да отты
Жанарың болсын
Адал кәсібің,
Табарың болсын
Имандылықтан
Хабарың болсын
АЛЛАға жағар
Амалың болсын
АЛДЫМЕН АЛЛА
ИМАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮРЕК БЕРСІН !

Серік Молбаев

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған