Әбдіраштың Жарасқаны. Кім не береді?

Тілашар

Әже келеді,
Көже береді.

Ата келеді,
Бата береді.

Әжем мені «Ботам» дейді,
Атам мені «Жотам» дейді.

Мен әжемнің ботасы болам,
Мен атамның жотасы болам.

Әжемнің көжесін ішем,
Атамның батасын алам!..

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған