Тәуелсіздікке тарту: Балалар кітаптары жарық көрді

Алаштың әлдиі

14 желтоқсан күні сағат 11:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада балаларға арналған «Ілияс пен Заңғардың планшеті» және «Ыбырай атамның әңгімелері» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.

«Қазақ ішінде бала ісіне ерекше көңіл бөліп, ағартушылық бағытта өнімді жұмыс қылғандардың бірі – Ыбырай Алтынсары. Қанша уақыт өтсе де жазушының шығармалары өзекті, маңызын жоғалтпаған. Бірінші кітапта ұлт ұстазының 8 әңгімесі берілген. Екінші кітапта қалада тұратын, технологияны таңсық көрмейтін, бірақ ұлттық тәрбие көрген балалардың бейнесі суреттелген. Екі оқулық та комикс жанры негізінде жарыққа щығып отыр. Жоба «Аяла» балаларды дамыту орталығы, «Нұр Астана құрылыс» ЖШС-ның демеушілігімен іске асты. Ал жобаның авторы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан мырза», – дейді жоба жетекшісі Азамат Байғалиұлы.

Жиында жаңа кітаптардың ерекшеліктері туралы айтылып, жалпы бала ісіндегі баспа мәселесі, ұлттық тәрбие құралдары сөз болады.

Жаңа кітаптардың тұсаукесері 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған. Салтанатты шара депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, ақын-жазушылар, ата-аналар мен балалардың қатысуымен өтеді. Кездесу аясында Астана қаласының Қуыршақ театры әртістері «Қаңбақ шал» қойылымын ұсынады.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған