Әке, мен нені қатты жақсы көремін, білесіз бе?

Әулет

Таңертең Есболат есімді досымды кездестірдім. Қал-жағдайды сұрастырғаннан кейін баласы туралы айта бастады. Бір ұлы бар еді.

Бірде құрастырма ойыншықты сатып алып бергенмін, деп бастады досым өз әңгімесін. Халық ішінде «Лего» аталып кеткен ойыншық ұлыма әбден жақты. Қолы бос кезде соның әуресімен жүретін. Мен де жұмыстан келсем бірден ұлыма көмектесіп, бірге құрастырып жүреміз.

Кеше кешкісін әдеттегідей жұмыстан келіп, шай ішіп болғаннан соң, ұлымның жанына келдім де тікұшақты құрастыра бастадық. Дәл ойынның ортасында ұлым маған қарап:

–         Әке, мен ең қатты нені жақсы көремін, білесіз бе? – деп сұрады.
–         Нені?
–         Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! – деді»…

Бектұрған Арыстан
talbesik.kz

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған