Жаттап ал! Әке мен балаға арналған жаңылтпаштар

Тілашар
 Қыста құлағым үсіп кетті, 
Үсіп, ісіп кетті.
 
 Шешей отты көсеумен көседі 
Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.
 
 Доп теп, 
Тек, 
Дөптен кеп теп.
 
 Киген тоны – 
Онды тон, 
Өнді тон.
 
 Қызым жүзім же, 
Жүзім үзіп же.
 
 Тұз – мұздай, 
Мұз – тұздай.
 
 Бұл бір жылтыр шылбыр екен, 
Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.
 
 Тері шалбар бар, 
Тері шалбар киетін шалдар бар
 
 Үйген жүгерілері, 
Түгел ірі жүгері.
 
 Омартаға балалар барар, 
Балаларды аралар талар.
 
 Бар, май шайқа, 
Байқа, жай шайқа.
 
Құрақ құрап көрпе көктеді, 
Қырық құрақ көрпе көктеді.
 
 Көктемде шөп өнер жер 
Мал келер, мал ерер жер.
 
 Шаншар шаршап жатыр, 
Қайсар жайша жатыр.
 
 Ерді ел елер, 
Ер елге еркелер.
 
  Тайғанақта қай тай тайды, 
Тағалатпаған тай тайды.
 
 Қанар қаптарды қаптап артар, 
Шанақ арбаны аттар тартар.
 
 Тары ақта, 
Тары ақтап, 
Қапқа қапта.
 
 Қаһарлы айдаһар
Шаһарға келіп,
Қаһарланар.
 
 Көпке бекер өкпелеме, 
Өкпе етпе, 
Тектен – текке өкпелетпе.
 
 Бір қыз кесте тікті, 
Кестесін түсте тікті, 
Кеште тікті.
 
Қайрат қайрақ қайрап отыр, 
Дайрақпен балта қайрап отыр.
 
 Тұрыс бұрышқа тұр, 
Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр
 
 Жапалақтап қаптап ақ қар жауды, 
Алқапты аппақ ақ қар жапты.
Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған