Атырауда отбасы құндылықтарын сақтауға арналған орталық ашылды

Ақпарат Отбасы

Атырауда отбасы құндылықтарын сақтауға арналған орталық ашылды деп  хабарлайды talbesik.kz.

Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес,  «Достық үйі» ғимаратында орналасқан«Отбасы және татуласу» орталығы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен Атырау облыстық соты бірлесіп  атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Жаңадан іске қосылатын орталықтың мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды шешу және татуластыру, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау.

Аталған орталықта этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар, қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орталықтарының өкілдері қызмет атқаратын болады.

 

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған