Балқашта 90 отбасы баспаналы болды

Ақпарат

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 90 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды talbesik.kz тілшісі«Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, олардың барлығы да – ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандар. Бесқабатты екі бірдей үйдің құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 668 миллион теңге қаржы бөлінген. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің әр шаршы метрі небәрі 90 мың теңге тұрады.

Үйдің жертөлесіне дербес жылыту пункті қойылған. Ерекшелігі, бұл қондырғы күн жылы кезде жылуды үнемдеп береді. Яғни тұрғындар артық ақша төлемейді. Сонымен қатар, телеарна журналистерінің айтуынша, Балқаш қаласы бойынша әлі де 1200 отбасы пәтер кезегінде тұр.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған