«Үздік көкпаршы». Қазақ көкпаршысы 37 салым иегері

Ақпарат

Көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, жас көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Дүниежүзілік Көшпелілер ойындарының «Үздік көкпаршысы» атанып, арнайы марапатқа ие болды.

Қыркүйек айында өткен  Көшпелілер ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсеткен 22 жасар Құрманбек ойын барысында бас-аяғы 37 салым салған екен. Сөйтіп, Бішкекте ең көп салым салған көкпаршы ретінде біздің Құрмаш «Үздік көкпаршы» атағымен марапатталды.

Еске салып өтсек, жас көкпаршының өткен жылғы үздік өнері біздің елде де ескерусіз қалмады. Желтоқсан айында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Астанада өткен «Алтын тұғыр-2018» атты жыл үздіктерін марапаттау салтанатында Құрманбек «Жыл салымшысы» номинациясы бойынша сыйлыққа ие болды.

Құрманбек – Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, жүлдегері атанған «Әулие-Ата» көкпар командасында шеберлігін шыңдап өсті. «Әулие-Ата»  командасының бас бапкері Нұрдәулет Момыновтың төл шәкірті.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған