Елбасы: «Әкелер институтын да қолға алуымыз керек»

Ақпарат

«Жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру ең негізгі міндет. Себебі оның барлығы – болашақтарың. Әсіресе үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Біздің ата-бабамыздан қалған салтымыз бар. Кішілер үлкенді сыйлайды, ерлер әйелді сыйлайды. Батысқа ілесеміз, демократ боламыз деп мұның барлығын ұмытуымызға болмайды.

Қазақта мұндай бәле болған жоқ. Әкесін, қартайған шешесін үйінде ұстайтын. Кіші баласын отау иесі деп айтқан. Қазақта баласын жетімдер үйіне беру болған жоқ. Мұндай жетімдер үйі Қазақстанда болмауы керек. Жетім балар үйіндегі балаларды асырап алу қажет.

Бұл ретте жастарды отбасылық өмірге қазірден дайындауымыз керек. Ер адамның әйеліне деген құрметі, әйелдің жұбайына деген құрметі қандай болу керек деген секілді мәселелерді күн тәртібіне қоятын уақыт жетті. Аналар институтымен қатар әкелер институтын да қолға алайық. Жастардың бойында жауапкершілік қасиетін дамытуға тиіспіз. Тәуелсіздік жылдары елімізде 1,5 миллион отбасы ажырасқан. Олардың төрттен бірі некенің алғашқы жылында-ақ екіге ажыраған. Осының барлығын терең зерттемесе болмайды», – деді Елбасы Астанада өткен Жастар жылының ашылуында.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған