Мұхтар Әуезов. Япония әйелдерді қалай оқытты?

Әулет Идеология Ой-талқы

Японияда әйелдер үшін төменгі дәрежелі мектептер оз алдына, жоғары дәрежелі мектептер де салына бастады. Японияда әйелдер оқитын мектептердің тәртібі бұл күнде Европа әйелдерінің мектептерінен артық бір түр тапты. Әйел оқығанда бір жағынан үй ішінің шаруасын үйрену керек, бір беткей оқумен кететін Европа әйелдері үй шаруасына ыңғайы аз, еркек секілді сөлекет болады, өмірден алыстап кетеді деп, бар әйелдер мектебінде шаруа жағын құнттап тәрбие қылады.

Японияда бір мектептегі оқушылар бір-ақ жерде турады. Мысалы, бір мектепте бес жүздей кісі болса, жиырма-жиырмадан топқа бөлініп, һәр топты басқаруға бір үлкен қатын қойылады. Бұл қатынды бір топтың ішіндегі қыздар шешесіндей көріп, өз араларында апалы-сіңілі кісідей жақын жүрді. Онан соң күндегі тамақ дайындау, кір жуу, үй тазалау және үйге тиісті басқа шаруа, есеп-қисап – бәрі ол қыздардың мойнында болды. Қыздар һәрі ғылым үйреніп, білімі артады, һәрі шаруа жүзінде өмірге керекті тәжірибе алады. Бұл -Японияның басқа халықтардың қатесін көріп тапқан өзгеше түрі.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған