Баланы бұрышқа тұрғызып жазалау дұрыс па?

Әулет Жас буын

Баланы жазалау: Бұрышқа тұрғызу дұрыс па? Жоқ, дұрыс емес. Бұл қазақта жоқ, сырттан келген бөтен тәрбие құралы. Бұл кешегі Кеңес Одағы тұсында әбден жетіліп, талай ұрпақты психологиялық ауытқуға душар еткен теріс құрал. Бұрышқа тұрған баланың өзіне деген сенімділігі азаяды. Өзгеден өзін кем санайтын дертке ұрынады;

Сағаттап бұрышқа тұрып тіл алғыш балаға айналған мысал бар ма өзі? Бар болғаны өзінің қалауын жасағысы келген кішкене адам баласын жазалау әділетті ме? Әсілі бұл әдіс баланы «Ата-анамды уақытша тыңдасам жетіп жатыр…» деп қулыққа баруға баулиды;

Ешуақыт қорқыту, үркіту, күшке салу арқылы балаңызды есті адам қылуға талпынбаңыз. Мұндай әдіс көп қазаққа ата-бабасының мұрасындай боп кеткен. Есіңізде болсын, бір рет бұрышқа тұрған бала сол бұрышқа сан рет айналып келеді. «Менің қандай айыбым бар…» деп өзін-өзі іштей жеп, күйзеліске түсетінін естен шығармаңыз. Әлдеқайда озық, жарыққа ұмтылған елдердің жазалау ісі туралы келесі жазбамда тоқталамын.

Азамат Байғалиұлы

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған