Қытай ертегілері қазақ баласына жол тартты

Идеология

Сәті түскенде кітап дүкендерін аралаймын. Онда да балалар әдебиеттерін қызықтаймын. Сол әдетімше өткенде Нұр-Сұлтан қаласындағы аты көпке мәлім бір сауда дүкенінде «Қытайдың халық ертегілері» деген сериямен қарайған кітаптарды самсатып қойыпты. Қысық көз қытайдың шалы мен қатын-баласын сүп-сүйкімді етіп көрсеткен. Кітаптың сапасы жап-жақсы. Бояуын да аямаған. Талай тентекті елітіп әкетейін деп тұр. Содан жаңағы жерде мұнысы несі деп аң- таң тұрдым да қалдым.

Содан бірден «Кәпір елдің мәдениеті, салты біздің балаларымызға не үшін керек?!» деген сұрақ туды. Бәсе, неге керек? Қазақ ертегілері, жаңылтпаштары мен жұмбақтары неге тура осылай насихатталмайды?

Әлбетте, нарық заманында жеке баспаға бір нәрсе дей алмайсың. Мықты болсаң жанашырлығыңды жасап дәлелде, озып көр. Бірақ мен қазір мемлекеттік ұлттық идеология тұрғысын меңзеп отырмын. Жауапты мекемелер мұндай бассыздыққа жол бермеуі тиіс. Қазақ баласы өз ұлтының қазанынан ас ішіп, ұлттық руxаниятымен сусындауы керек.

Азамат Битан

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған