«Менің атам…» атты байқау басталды!

Алаң Редакция таңдауы

Әкелерге арналған Talbesik.kz тәрбиелік-танымдық сайты республикалық «Менің атам…» атты естелік фотосуреттердің негізінде жазылған мазмұнды жазбаларға байқау жариялайды.

Байқаудың негізгі шарты біреу-ақ: Үміткер атасы бейнеленген ескі, жақсы сақталған фотосурет пен оның мән-мағынасын ашатын мазмұнды мәтінін (жұмыс көлемі – А4 форматты жарты беттен аз болмауы тиіс) фейсбук пен инстаграм желілеріндегі парақшасында #Talbesik хэштегі арқылы жариялауы керек. Лайк санының ешқандай маңызы жоқ. Бірақ сапасыз суреттер мен мағынасыз жазбалар іріктеуден өткізілмейді.

Әлеуметтік желіні пайдаланбайтын сайт оқырмандары өз жұмыстарын (фотосуретті сканерден өткізіп, Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы 1 интервал) bitanazamat@mail.ru электронды пошта мекен-жайына кері байланысты (телефон нөмірі) көрсетіп жолдай алады.

Жұмыстарды арнайы құрылған әділқазылар бағалап, өз ойларын өте жақсы суреттей білген үздіктерді анықтайды. Байқауға келіп түскен жұмыстар Talbesik.kz сайтына жарияланып отырады.

Байқауға қатысудың соңғы күні 4 мамыр. Жеңімпаздардың есімдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай жарияланып, қаржылай марапатталады. Жүлденің жалпы қоры – 200 000 теңге.

Бөлісіңіз:

3 thoughts on “«Менің атам…» атты байқау басталды!

  1. Менің атам
    Мен атамды көрмесемде өмір тарихын архифтен көріп оқыдым. Менің атам Əділ Арынбекұлы 1917 жылы орташа отбасында дүниеге келген. Əке -шешесін бай – паша тобына жатқызып жер аударған. Жиырма қыздан киінгі жалғыз ұл болған соң үлкен əпкесі өз бауырына салып асырап алған. Атам Ахмет қажыдан есікше дәріс алып, өзбетінше орысша əріп танып, кітап оқып үйренген. Зейнетке шыққанша мектепте денешынықтыру мұғалімі болып қызмет атқарды. 1938 жылы армияға алынған. Фин соғысында Поляктарға соғысуға бірнеше күн дайындалып шабул жасаса бірде -бір адам қалада қалмай орманға қашып кетіпті. Артарынан аңдып сондарынан қалмай адам шығыны болмай бір оқ атылмай Поляктарды жаулап алыпты.
    1941 жылы Герман соғысында Украинаның Горький қаласын басып алған фашистерді өліспей- беріспей Берлин қаласына дейін қуып аянбай соғысты. Ұл отан үшін соғып жүргенде аш жүрген кездері болыпты. Өмір сүру, жеңіс үшін құрытап кеткен шикі өлексе еті жеген. Талай зұлмат ауыр күндерді басынан кешкен. Герман соғысында саяси командир және окопта орысша білмейтін қазақ солдаттарға ұстаздық етіп сауатын ашқан. 1946 жылы еш қандай жарақатсыз жеңіспен аман есен елге оралды. Əжем екеуі 3 ұл, 4 қыз тәрбиеледі. Ұлды ұяға қызды қияға қондырды. Мен атамды осындай батыр болғанына мақтан етемін.

    Ардагердің немересі Кенжегул Бейсенбай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған