Әкесі оқысын, баласы тоқысын (математикалық есептер)

Педагогика Редакция таңдауы

Қанша шырақ қалды?

Үш шырақ жанып тұрды

Бір шырақ өшіп қалды.

Неше шырақ қалды?

Қанша үйрек қалды?

Аспанда бес үйрек ұшып бара жатты.

Аңшы бір үйректі атып алды.

Неше үйрек қапды?

Әжесі мен Медет

Әжесі Медетке үш алмұрт берді. Медет бір алмұртты жеп қойды.

Неше алмұрт қалды?

Жауап: Екі алмұрт.

Бағаларын тап

Бір алма, екі алмұрт және үш банан 200 теңге тұрады. Үш алма, екі алмұрт және бір банан 200 теңге тұрады. Сонда бір алма, бір алмұрт және бір банан қанша тұрады?

Жауабы: 100 теңге

Атасының баласы

Медеттің атасы «кімнің баласысың?» деп сұрады. Медет «атамның баласымын» деді. Атасы бір алма берді. Қыдырып барғанда нағашы атасы Медеттен «кімнің баласысың?» деп сұрады. Медет «атаның баласымын» деп жауап берді. Атасы бір алма берді. Үйге қайтып келгенде көкесі «Медет кімнің баласы?» деп сұрады. Медет «көкенің баласымын» деді. Көкесі Медетке бір банан берді. Аталары немересінің тапқырлығына сүйсінді. «Кімнің баласы болсаң да аман бол, еліңнің адал азаматы бол» деп баталарын берді. Медеттің неше алмасы бар?

Жауап: Екі алма.

Асқар Жұмаділдаев,

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған