Қожахан Қуаныш: «Атам соғыста 4 рет жараланған, бірақ…»

"Менің атам..." байқауы Редакция таңдауы

Менің атам Әбішев Сәт 1921 жылы Aқпан айында Алматы облысының Жамбыл ауданы Бұрған ауылында дүниеге келген. 1937 жылы Қарақыстақ ауылындағы жеті жылдық мектепті өте жақсы деген бағамен аяқтап, Алматы қаласындағы ауыл жұмыстарына арналған арнайы оқу орнында оқиды. Ол оқуды толық аяқтауға мүмкіндігі болмады. Себебі, әкесі қайтыс болып, анасы жалғыз болғандықтан ауылға қайтып оралып, Бұрған колхозына 1939 жылы колхоз есепшісінің көмекшісі болып орналасады. Өзінің сауаттылығымен көзге түсіп, колхоздың бас есепшісі ретінде жұмысқа ауыстырылды.

Көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанады. Атам Әбішев Сәт Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көрсеткен ерлігі үшін «Орден Славы ІІІ -степени», «Орден Великой Отечественной войны», екі мәрте «За Отвагу» медалімен, «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией», сонымен қатар көптеген басқа да медальдармен марапатталған.

Соғыста төрт рет оқ тиіп, жарақат алған. Екінші дүниежүзілік соғысы аяқталған соң Ұлы Жеңiс күніне арналған Мәскеудегі «Ұлы Жеңіс» парадына қатысқан. 1945 жылы қараша айының аяғында туған ауылына оралды. Өзі өскен ауылының тұрмыс тіршілігіне араласып, жұмыс атқарған. Адал еңбегінің арқасында «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды. Әбішев Сәт 6 баланың әкесі, барлық баласын аяқтандырып 85 жасында дүниеден озды.

Атамыздың өмір жолы, берген тәлім-тәрбиесі, менің болашақ мамандық таңдауыма үлкен әсерін тигізді. Халқыма адал қызмет етіп, өз еліме пайдалы азамат болсам деймін. 

Ардагер ақсақалдың шөбересінен келіп жеткен хат

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған