Бөпесі – көкесі – тәтесі

Тілашар

Аңғал Шыңғыс атақты
Алаңдамай ойынға,
Қызықтады кітапты
Хайуанаттар жайында.

Танымайсың кей аңды,
Түсінбейсің десек дым:
Бой бермейді
Қоянды
«Бөпесі, – деп, – Есектің!»

Жібермейді намысты,
Жеңер дауға түсіп кім:
Көсетеді
Барысты
«Көкесі, – деп – Мысықтың!»

Аспайды да саспайды,
Тұрсаң дағы тауып мін;
Тотықұсты
Нұсқайды
«Тәтесі, – деп, – Тауықтың!»

Әбдіраштың Жарасқаны
talbesik.kz

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған