Ақнұр Әлиманова: «Атамның медальдерін немересі кеудесіне тағып ойнайтын»

"Менің атам..." байқауы Редакция таңдауы

Мен, атамды,яғни əкемнің əкесін көрген жоқпын,тек апамның айтуымен, суретінен ғана білемін. Атам,Алиманов Нұртай 1905 жылы туған. Əке-шешесі бір күнде əкесі – Əлиман, шешесі – Райыс 1910 жылы атамның 5 жасында қайтыс болады. «Жетім қозы -тасбауыр отығарда жетілер «- демекші ерте ширап, жасынан еңбекке араласады. Қазақ басына түскен ұлы нəубет ашаршылықтан кейін көмек қорын басқарып, талай ағайынды ажалдан аман алып қалған. Осы күнге дейін көзін көрген іні-қарындастары «Кенжеағам» деп құрметпен еске алады.

1941-1945жж. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысып, елге аман-есен жеңіспен оралады.Ұлы бабасы Абылайдың мыңбасы сардары Сеңкібай батырдың ұрпағы деген атқа дақ түсірмей, Екі Қызыл Жұлдыл, Қызыл Ту, Даңқ орденінің 3 дəрежесімен марапатталған. Ленинград қоршауында болып, Ленинградты қорғағаны үшін тағы басқа медальдар алған. Гвардия кіші сержанты, пулеметші.

Соғыстан келгеннен кейін мал шаруашылығында завферма болып қызмет атқарған. Қайтыс болғанша еңбектен қол үзбеген. Ол заманда ерекше етек алған аурулардың бірі көреалмаушылықтың салдарынан жаламен істі де болыпты. Атам 1971 жылы қайтыс болған. Орден, медальдерімен тұңғыш немересі, тетелес ағам Алмас кеудесіне тағып ойнап жүретін.

Жылда көктем туа Атамнан тараған ұл-қыздар 9 мамырда жиналып, ата-баба қорымына барып, дұға бағыштаушы едік. Жан -жақта жүрген бəріміздің басымыз қосылып, мəре-сəре боламыз. Сол салтқа байланысты тағы жиналар.

Амандық болып, туған ауылдың дəмі тартса барып қалармын. Ауылымызда соғыс ардагерінен ешкім қалмаған. Басқа ауылдарда да саусақпен санарлық. Өздері жоқ болса да мерекелері қалған. Мейлі, солай-ақ болсыншы, тек соғыс болмасын. Біз үшін, келер ұрпақ үшін 9 мамыр аталарымызды еске алатын атаулы мереке болып қалсын.

Айтпақшы, ауылымыз ақиық ақын Қасым Аманжоловтың туған жері. Ол кісі менің де атам. Мен осындай Отанын қорғап, кеудесін оққа төсеп,ерлік көрсеткен батыр атамның ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын!

 

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған