Балтабаев Серікбай: «Атам қазақ әдебиетінің білгірі еді»

"Менің атам..." байқауы Арнайы жобалар Редакция таңдауы

Әкемнің әкесі, менің атам Шәмшебайұлы Балтабай. Көпбалалы әке, Қазақ тілі және Қазақ әдебиетінің  мұғалімі болған. Марқұм атам мен ақыл тоқтатып есейе берген шағымда дүниеден өтті. Ол кісімен әңгіме дүкен құрып, көп сырласпаппында. Бірақ аз уақыт ішінде біраз нәрсе аңғардым.

Атам қатал кісі болатын. Бұрынғы аталарымыз,  әкелеріміз бір ауыз сөзбен, қас қабағымен басқарған деп жатамыз ғой. Атамда балаларына,  немерелеріне  қаталдау болып, орнымен еркелетті. Сол тәрбиесінің нәтижесінде балалары, немерелері жаман жолға түспей, әрбір тыныш атқан таңға шүкіршілік етіп күндерін кешіп жатыр. Иә, шүкір дейміз.

Бала көрген істейді дейді. Тәрбиеде сөзге қарағанда істің орны орасан. Атамның тәрбиесін көрген әкем бізге де қатал болатын. Кішкентай кезімде достарым келіп компьютер ойнауға, дала шығуға келіп тұрса жібермейтін. Соның себебінен де шығар қазір бос нәрсемен айналысқым келмей, пайдалы нәрсе іздеп тұрамын. Және жоғарыда атам ұстаздық еткенін айтқанмын. Менде сол салада қызмет етуді ойлап жүрмін. Бұйырса ол күнге де жетіп қалармыз. Иә, менің атам туралы айтарым осы.

Қорынтындылай келе мына нәрсені айтқым келеді. Қазақта: «Балаңды аясаң, аяма» – деген сөз бар. Біз балаларымызды өбектейміз, кейбір істі істемей ақ қойсын, кейбір қабілетті меңгермей ақ қойсын, – деп кейінге қалдырып қоямыз. Уақыт шіркін тұрсын ба? Зу етіп өте шығады ғой. Сондықтан «Балаңды аясаң, аяма» сөзінің мағынасы қаталдық танытып, (орнымен еркелетіп), жастайынан еңбекке баулу, қолды аяққа тұрғызбай жұмсау, кісімен араластыру, ертіп жүріп ел ағаларының әңгімесін тыңдату екен. Және осы айтылғандардың кейбірі атамыздың бізге берген тәрбиесінен көрініс тапты дей аламын.

Атасының немересінен келіп түскен естелік жазба.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған