Міржақып Дұлатұлы бұғы жайында не деп жазған?

Алаштың әлдиі Педагогика

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүкі шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады.

Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз үш жұмадай көретіп май айының ортасында табады. Оттайтұғына манағы мүк.

Бұғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін де жауып алады. Әйелдері тарамысынан жіп иіріп киіп тігеді. Қанынан дәрі істейді. Шанасына жегіп жүреді. Бұғының тұяғы қарға батпайды. Жеңіл басып қалың қардың үстімен иесінің тілеген жеріне жеткізеді. Бұғысы мыңға жеткен самоиед бай есебіне кіреді.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған