Ыбырайдың ағылшын мен қытай жұрты туралы екі сөзі

Алаштың әлдиі

Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп, қалайша салсам қолайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. Мұны көріп Броун тоқтап қалып ойланды: «Бұл өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай көпір қолайлы болар еді» – деп. Сонымен, келді де, су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасына тақтай салып, екі жақ басын құрғақ жерден биік, нық бағаналарға бекітіп, көпір істеді. Шынжырдан көпір салу, содан қалған үлгі екен.

– – – – –

Қытай жұртының патшасының ханымы Силинші жібек құрттарын абайлап, қарап жүрсе, бұл құрттар өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі екен. Ханым сол өрмекші алып ширатып жіп істейді, сонан тоқып жаңа жібек орамал істейді дейді. Мұнан соң сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын жеп күн көреді екен. ханым тұт ағашының жапырағын жиып, әлгідей көп құрт жиып асырып, ақырында, бұл құрттың пайдасын халқына үйретті дейді. Жібектің шығатын орнын ең әуелі сол ханым тауыпты-мыс.
Бұл уақытта Силинші ханымының өткеніне бес мың жыл болыпты. Қытай жұрты әлі күнге данышпан ханымын ұмытпай, жыл сайын соның құрметіне той етеді.

Бөлісіңіз:

2 thoughts on “Ыбырайдың ағылшын мен қытай жұрты туралы екі сөзі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған