Өз балаңа мына жұмбақ өлеңді жасырып көр

Тілашар

Бірінші әріп – 
Жер өлшейтін таяққа ұқсайды,
Екінші әріп – 
Алшақ тұрған аяққа ұқсайды.

Үшінші әріп – 
«Мұрт» дегенде бірінші келеді,
Төртінші әріп – 
«Ұрт» дегенде бірінші келеді.

Бесінші әріп – 
«Рас» десем тілге оралады,
Еске түсіріп ырғайдың доға басын.
Алтыншы әріп – 
«Тас» десем тілге оралады,
Еске түсіріп телеграф бағанасын.

Осы сөзді кім оқып бере алады?
Қане,
Кім айтып бере алады мағынасын.

 

(Алмұрт)

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған