«Менің атам…» байқауы: 9 үміткер қаржылай марапатталады

"Менің атам..." байқауы Редакция таңдауы

Осыдан бір ай бұрын әкелерге арналған тәрбиелік-танымдық Talbesik.kz сайты «Менің атам…» атты ескі суреттердің негізінде жазылған естелік жазбалар арасында байқау жариялаған еді. Әлеуметтік желілердегі жұмыстарды қоспағанда, еліміздің әр өңірінен электронды поштамызға келіп түскен материалдар саны 70-ке жуықтады. Әсіресе Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өте белсенді. Соның барлығында қаншама адамның сан түрлі тағдыры баяндалған десеңізші…

Ескіден сыр шертетін фотосуреттер де, естелік жазбалар да бәрі-бәрі көңілімізден шықты. Байқаудың ең жас қатысушысы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 7 жасар тұрғыны Жаңаберген Гүлдерайым есімді қызымыз екен. Жоба аясында жазылған шығармалар біздің ата-әжелеріміздің, әкелеріміздің еңбекқорлығын, сөз бен іске адалдығын, әулетіне қамқорлығын, батырлығы мен жұртқа жайсаңдығын тағы да айқындай түскендей. Сол үшін де үміткерлердің барлығына алғыс айтамыз!

Келіп түскен жазбаларды сараптай келе, өз ойларын тиянақты жеткізе білген, аталарының фотосуреттері жақсы сақталған деген 3 естелік жұмыс таңдалып алынды. Авторлар байқауды ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай марапатталады:

  1. Асылзат Байқадам
  2. Гүлназ Ізмұқанова
  3. Бодыбайқызы Әйгерім

Сондай-ақ, қатысушылардың белсенділігін ескеріп, тағы 6 үміткерге ынталандыру сыйақысын беруді жөн деп шешті:

  1. Жаңаберген Гүлдерайым, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының 7 жасар тұрғыны;
  2. Гүлназ Айтқұлова, Астана қаласының тұрғыны;
  3. Айжан Құрманбай;
  4. Ақмарал Құдайбергенова;
  5. Зерде Қадырбекқызы;
  6. Алма Сайлауқызы;

Құрметті оқырмандар!

Байқауға келіп түскен барлық материалдар әрі қарай да сайттағы «Менің атам…» айдарына жинақтала береді. Бұл қоғамдағы ер азаматтардың әлеуетін көтеруге арналған алғашқы бастамаларымыздың бірі ғана. Жаңалық та, жаңа жобалардың жалғасы да әлі алда.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықмаймыз! Мейрам құтты болғай!

Құрметпен, сайт жетекшісі Азамат Битан.   

Бөлісіңіз:

3 thoughts on “«Менің атам…» байқауы: 9 үміткер қаржылай марапатталады

  1. Мерекелеріңізбен. Алла істеріңіздің берекесін берсін! Бастауларыңыз биік белестерді бағындырсын деп тілеймін.Тәрбиесі мен танымдылығын ғұрыптап, ер- азаматтарымыздың беделін биікке көтеріп жатқан жобаларыңыздың мерейі үстем болсын. Шын жүректен қуаныштымын. Алғысым шексіз!

  2. Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! еңбегімізді бағалап, аталарымыздың өнегелі өмірін жаңғыртуға атсалысып жатқандарыңыз үшін алғыстымыз! Қуанып отырған жайымыз бар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған