Атамның үлкен ұлы – Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі

"Менің атам..." байқауы Арнайы жобалар Редакция таңдауы

Менің атам Маямеров Мəлғажы Мухаммеджанұлы 1944 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Қазір 74 жаста, 5 баласы, 17 немересі бар. Семей қаласы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбеков атындағы мектепте 44 жыл бойы адал қызмет еткен. Басында алгебра (математика) пəнінен сабақ беріп, одан кейін тəрбие ісінің меңгерушісі болған. Ал өзінің тәрбиелеп өсірген 2 ұлы жəне 3 қызы үлкен жетістіктерге жеткен. Атап айтсақ, үлкен ұлы Маямеров Ержан Мəлғажыұлы осы биылға дейін еліміздің Бас Мүфтиі қызметінде еңбек етті. Қазір Алматы қаласындағы Нұр-Мүбəрəк университетінің ректорының көмекшісі қызметінде. Ұлының мұндай үлкен белеске жетуіне əкенің, яғни атамның ерекше тəрбиесі де əсер еткені анық.

Одан кейінгі 3 қызы ата-анасының жолын қуып ұстаздық қызметті абыроймен атқарып жүр. Үшеуі де «Мұғалімдер династиясы» атты кітапқа шықты. Ал екінші ұлы Мақаншы ауылы 20/86 шекара əскери бөлімінде барлау қызметінде жұмыс істейді. Атамның ЕРЕКШЕ ТƏРБИЕСІНІҢ себебімен балалары және біз, немерелері өмірдегі өз орнымызды тауып, қаншама жақсылықтарға бөленіп отырған жайымыз бар.

Атам уағында жұмысымен қатар перзенттерінің тәрбиесін бірге алып жүрген. Балаларын кішкентайынан әуелі үлкенді және əйел адамды, әсіресе анасын сыйлап, құрметтеуге үйреткен. Осындай қамқорлығынан кейін ешбірі жамандық көрмей, бұрыс қадамға бармай, керсінше, тек биік белестерге, үлкен жетістіктерге жеткені анық. Атамды мақтан тұтамын әр ол кісіге ұзақ берекелі ғұмыр тілеймін.

Ақсақалдың немересі Ақмарал Құдайбергенқызынан

келіп жеткен естелік жазба

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған