Абайдың қос ұлымен түскен суреті

Әулет

Хəкім мұрасын зерттеп жүрген ғалым-оқытушылардың сөзіне мән берсек, осы күнге дейін бізге ақынның 2 суреті жеткен. Біріншісі ақынның балаларымен түскен суреті, екіншісі Жидебайда отбасымен түскен фотоестелік. Анау тұрған сүгіретті Мұхтар Əуезов бір жылдары Абай музейіне аманаттап тапсырған. Ал оның ары қарайғы жоғалып кетпей сақталуына жағдай жасаған абайтанушы Қайым Мұхамедханов.

Архивте көрсетілген деректерге сүйенсек, Абай ұлдарымен 1896 жылы Кузнецов фотосалонында суретке түседі. Ол кезде Абай Құнанбайұлы 51 жаста. Ел ағасы атанып, би-болыстық қызметтер атқарып, үлкен тәжірибе жинақтаған, жан-жақтағы ел-жұртқа аты мәшһүр кезі. Сондай-ақ, 9 перзенттің әкесі, бірақ сүйікті баласы Әбіштің дүниеден қайтқанына көп уақыт тола қоймаған шақ. Ақылбай (суретте сол жақта) 35, Тұрағұл (он жақта) 21 жаста. Ақылбай бұл жылға дейін 5 баланың әкесі атанып үлгерсе, Тұрағұлдың жігіттік жас шағы. Дәл осы Тұраш 1909 жылы Кәкітаймен бірге әкесінің тұңғыш өлеңдер жинағын Петерборда бастырып шығарады.

Дайындаған Азамат Битан.

 

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған