Шын азамат кім?

Әулет

Бұл жасқа келгенде қай жерден тамақ ішуді, қай жерден киінуді, тіпті кімдермен аралас-құралас болуды да білеміз. Алайда осы жарық дүниені көруімізге себепші болған, мүмкіндігінше бағып-қаққан, жығылсақ жұбатып жанымызға жылу сыйлаған ата-анамызға тиісті түрде қарым-қатынас жасауды білеміз бе? Алла Тағала Құранның Лұқман сүресінде: «Адамдарға ата-анасына қарайласуға бұйырдық» дейді. Бұйырдық, яғни міндеттедік, парыз қылып бекіттік деп тұр. Дəл осы аят: «Қайтар орның Мен жақ» деп аяқталып, бұл істің ақыретте үлкен сұрауы барын, соған сай сыйы мен жазасы белгіленетінін шүбəсіз меңзеп тұрғандай.
Шын азамат кім? Шын иманды кім? Шын намысты кім? Осы көріністің куəгері болып ұға түскенім, əкесінің қолынан ұстап жол көрсетіп, əр он қадам сайын тоқтап демалғанына сабыр етіп, оның қызметіне жарай білген перзенті шын азамат, шын иманды, шын намысты екен. «Уа, Раббым! Есеп күні мені, əке-шешемді жəне бүкіл мүминдерді жарылқай көр» (Ибраһим сүресінен).

© Азамат Битан

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған