Ай-құлақ қандай ойын?

Talbesik-kıds Тілашар

Ай-құлақ – көктемнен бастап жаздың ішінде балалардың ойнайтын бір ойыны.

Ай-құлақты ойнау үшін кешке таман жұрт аяғы басылған соң көп балалар жиналып, өздерінің арасынан үш баланы шығарады – бірін қасқыр, бірін қойшы, бірін ит қылу үшін.

Қасқыр болатын баланың екі шекесіне тақияны тікейтіп, орамалмен маңдайынан байлап, арқасына киім-кешек тығып томпайтып, белін астынан буып қасқыр қылып болған соң, балаларға жуытпай анадай бір бұтаның тасасына жатқызады.

Қойшы болатын баланың үстіне жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізіп, қолына бір таяқ беріп, ит болған баланы қасына ертіп, қойдың қасына жатқызады. Қалған көп балаларды қой қылып көгендеп қояды. Біраздан соң қойлар дүр етіп үркеді. Сол уақытта ит те абалап, қасқырмен арсылдасып қалған кезде қойшы да айтақтап, қозыны айырып қалады.

Сөйтіп, қасқыр бірде құр кетіп, бірде алып кетіп жүріп, ақырында сол қойлардың бәрін де тауысады.

Міне, осыменен бұл ойын осылай бітіп, екінші басталғанда тағы да бұрынғы жолыменен бастала бермекші.

Алаш көсемсөзі, V том.

Оқырмандар назарына:

Егер сіз халқымыздың ескідегі қандай да бір ұлттық ойын түрлері мен оның ережелерін білсеңіз, біздің сайттың электронды поштасына жолдасаңыз болады. Өз ойларын сауатты жеткізіп, ескіні жаңғырта білген ең үздік авторлар арнайы сыйлықтармен марапатталады. Электронды мекен-жайымыз төменде көрсетілген.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған