Шоқан Уәлихан. Қазақ қару жасауды білген бе?

Алаштың әлдиі Редакция таңдауы

Ескі заманнан бері қазақтың екі түрлі қаруы болған. Бір түрі жайшылықта малға барғанда ұстайтын, болмаса үй арасындағы төбелесте жұмсайтын құралдар. Екіншісі соғыста керек қарулар. Әуелгі түрі қамшы, құрық, сойыл. Қамшыны бұзау терісінен өріп, ортасына өзек салып, ұзындығын жеті тұтамға дейін, жуандығын екі саусақтың жуандығына дейін істеген. Өрімді сапқа саптап, саптың ұзындығы төрт-бес тұтам болған. Сапты ырғайдан, көбінесе қызыл тобылғыдан жасаған. Ешкі, арқар мүйізінен де сап істеп, кейде күміс шаптырған, бірақ мұндай қамшыны тек әйелдер ұстаған, еркектер қамшысының сабына мыс қаптау сыпайы көрінген. Әйтсе де, еркек қамшысының сабы көбінесе әшекейсіз болған. Өрім мен саптың арасында алақан болған. Өрім жұмырда төрт қыр болған.

Күміс, мыс жалатқан сапқа астынан қалақша сүйір тіл шығарған. Мұны бүлдіргі деген. Құрықты жіңішке қайыңнан я сойылдан істеген. Сойыл да құрық сияқты ұзын таяқ. Бірақ бас жағында буылтық темір болады, жіңішке жақ ұшында қарға іліп жүру үшін бауы болады. Соғыс уақытында ұсталатын құралдар: қызылбасы, түркі, хиуалық, бұқары қайқы қылыштар болған. Қызылбасы қылыштарды «алдаспан» қылыш деп атайды. Қызылбасы қылыштарды қазақ «наркескен» деп өте қымбатқа санап ардақтаған.

Бері келе қазақтар «сапы», «шапы» деп те айтады деген, Орта Азияда ұсталатын түзу қылыштарды да ұстаған, бірақ қазақ бұрын сапы ұстамаған. Қазақтардың өздері кішкене қылыш тәрізді ұзын, түзу «селебе» «жеке ауыз» деген пышақтар жасаған. Селебеден жеке ауыз сәл қысқарақ болады. Селебе мен жеке ауыз саптарының төбесінде белбеуге қыстыру үшін шығыршығы болған. Өздері соққан қанжарын я хиуа пышақтарын жанға салып жүрген. Қанжары қайқы емес, түзу болған. Белбеуге байлап жүрмей, селебеше салып жүрген. Бұлардан басқа, әр қазақтың жанында, үйінде сабын киік, ешкі мүйізінен, болмаса, ырғайдан істелген «бұйда пышақ» деген пышақ болған. Бұйда пышақтың мойнына сақина салып бекіткен. Найзаның сабын қарағайдан істеп, ұшына үш қырлы сүңгі қондырған. Сүңгінің жоғарғы жағына қара жібек я қара қылдан шоқ қадаған. Сабының үзеңгілік ұшында бүлдіргісі болған. «Садақ», «жақты» қазақтың өзі де істеген. Сонда да Бұқара жақ пен Башқұрттан сатып алған. Садақты артығырақ көрген соңғы кезде Қытай жақтарда ұсталып кеткен.

Оқты қайыңның шыбығынан, түп жағына төрт қырлап қанат жапсырып, қазақтың өзі жасаған оқтың масағы үш түрлі болған:

Аңға арналғаны – екі қырлы, сауыт жыртуға арналғаны – төрт қырлы, «сауыт бұзар» делінген. Аттан түсіруге арналғаны – жауырын тәрізді қалақша «қозы жауырын» делінген. Оққа нысанасы мыстан болған. Үшігеннің қойлық жүн, күшіген мен қасқалдақ қанаттарын қадап, мұны таза қараның тайлық «жүн» деген.

Оқты да, садақты да қапқа салып жүрген. Оқтың қабын «қорамсақ» деген. Қорамсақты белбеудің сол жағынан, садақты оң жағынан ілген. Ауқатты адамдар қорамсақтарын қызыл былғарыдан істетіп, ою шаптырып, күміс тас қондыртқан, жарлылары түйе қайысынан істеткен.

Мылтық далада сирек болған. Бола қалса атадан балаға қалған. Бұрын «қозыгер», «күлдір мамай» деген мылтықтар болған. Бұларды білте салып, қорғасын оқпен атқан. Мылтықты қазақтың өзі де істеген. Қалмақ пен Башқұрттар жасаған бұл мылтықтар тигіш, қарауылы мен нысанасы мыстан болған. Бұлар қазақ арасында болғанын осы күнгі шалдар біледі. Бай, сұлтандарда Орта Азияның жеті жүз қадамдағы жерден тиетін «шамғал» деген мылтығы болған.

Мылтық саймандары:

Кісе: кісеге жалғасы – құты. Кіседе шақпақ, болат, артық білте, мылтық, майлайтын тоң май, білте тығатын мүйіз шақша сақталған. Құтыда дәрі болған. Оған тете оқшантай, оқшантайға жалғас қыл тұрған. Кісені шаптырып, әркім әліне қарай, алтын, күміс я мыс шаптырған. Сүгігереттен кісінің бұрынғы замандағы түрі салынған. Бұлардан басқа мергендер кіиіктің мүйізінен істелген «біразар» дегенге әзір оқ толтырып мойнына салып жүрген.

Мықты бір құрал айбалта болған.

Бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған