Жас әкенің әлдиі

Тілашар

Тәй-тәй басып жүргенің,
Көңіліме шуақ шашады.
«Әке» деп қарап күлгенің,
Шаршағанымды басады.

Тәп-тәтті сүттей иісің,
Тәбетімді ашады.
Шаңырағымның күйісің,
Өзіңсіз құтым қашады.

Атасының еркесі-ай,
Әжесінің көкесі-ай.
Ағасының шырағы,
Әпкесінің бұлағы.
Әлди-әлди бал балам,
Ұйықтай ғой жан балам.
Анасының тірегі-ай
Әкесінің жүрегі-ай.
Қуанышы үйімнің,
Жұбанышы жүректің.
Әлди-әлди еркем-ай,
Ұйықтай ғой бөпем-ай.

Шықса да алдыңнан қандай сын,
Сауытың иман, самғайсың.
Азамат бол, арлы бол,
Жолымды ертең жалғайсың.

Артымнан қаз-қаз қалмайсың
Қаңтарда жауған қардайсың…
Жанымды күйге бөлеген,
Ағарып атқан таңдайсың.

© Азамат Байғалиұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған